Сауытбек Ұсаұлы (1870, Шу ауданы, Қосқұдық мекені – 1932, сонда) – халық ақыны, әнші.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Кедей шаруа отбасында туған. Сауытбек есімі Шу өңірінде өмір сүрген «Ашаның алты салы» атанған өнерпаздың бірі ретінде кеңінен танымал болған. Оның «Ақбөпе» дастаны, «Сақпантайға», «Садыр биге», «Нәметқұлға», «Сәкен Сейфуллинге», «Шымкенттен сәлем», тағы басқа өлеңдері, Майса қызбен, інісі Сыбанбекпен айтыстары, Мырзабай, Балқыбек ақындармен қақтығыстары, «Ақбөпе», «Сұлукеш», тағы басқа әндері сақталған. А.В. Затаевич Сауытбектен оның бірқатар әндерін және көптеген халық әндерін жазып алған.
- Мәдениет
- Тұлғалар