Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сақталу заңдары — кез келген процесте немесе олардың белгілі класында кейбір физикалық шамалардың сан мәндерінің уақытқа байланысты өзгермейтіндігін тұжырымдайт

Сақталу заңдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сақталу заңдары — кез келген процесте немесе олардың белгілі класында кейбір физикалық шамалардың сан мәндерінің уақытқа байланысты өзгермейтіндігін тұжырымдайтын физикалық заңдылықтар. Кез келген оқшауланған физикалық жүйе үшін орындалатын маңызды сақталу заңдарына энергияның, импульстің, қозғалыс мөлшері моментінің, электр зарядының сақталу заңдары жатады. Жалпы сақталу заңдарымен бірге физикалық жүйелер мен құбылыстардың тек шектеулі кластары үшін ғана орындалатын сақталу заңдары да болады. Салыстырмалықтың арнайы теориясында масса мен энергияның сақталу заңдары қайта қаралып біріктірілді. Сақталу заңдары физикалық жүйелердің симметриялық қасиеттерімен тығыз байланысты. Егер жүйенің симметриялық қасиеті белгілі болса, онда ол үшін сақталу заңдарын немесе керісінше сақталу заңдары белгілі болса, жүйенің симметриялық қасиеттерін анықтауға болады. Энергия сақталу заңы — Энергия деп материяның түрліше қозғалыс түрлерінің, оның ішінде механикалық қозғалыстың біртұтас өлшем мөлшері аталады. Энергияның сақталу заңы табиғаттың универсал заңы болып табылады: энергия жоқтан пайда болмайды және ол жоғалмайды; ол бір түрден екінші түрге өте алады; материяның әр түрлері - затпен өріс арасында энергия алмасу мүмкін болады.

Жоғары