| Меңіреу құр | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
| Амандық күйі | ||||||||||||||
![]() Least Concern (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Tetrao urogallus Linnaeus, 1758 |
Меңіреу құр (лат. Tetrao urogallus) – тауықтәрізділер отрядының құрлар тұқымдасына жататын құс.
Қазақстанда Алтайда, Қалба Алтайы мен Ертіс өзенінің қарағайлы ормандарында кездеседі. Дене тұрқы 56 – 85 см, қоразының салмағы 3,5 – 6,5 кг, мекиені 1,7 – 2,3 кг. Қоразының түсі көкшіл қара, қанатының қауырсыны қызыл қоңыр, бауырында кішкентай ақ түсті дағы болады. Мекиені шұбар келеді. Меңіреу құр Қазақстанның шығыс өңірінде (Марқакөл маңы) кездеседі. Меңіреу Құр – отырықшы, орман құсы. Жазда таудың биік белдеуінде мекендесе, қыс түсе тау етектеріне қоныс аударады. Көбіне жеке жүреді, тек күз бен қыста топ құрады. Жылына 1 рет балапан ұшырады. Жерге ұя салады, 5 – 16-дан жұмыртқалайды, оны мекиені 24 күндей шайқайды.
“Күй ойнағы” кезінде меңіреу құрлар ерекше дыбыстар шығарып, бір-бірін тауып алады. Осы “Күй ойнағы” кезінде қораздары бірнеше секундқа естімей қалады, құстың аты осыған байланысты қойылған. Негізгі қоректері – орман ағаштарының сабағы, бүршігі, жапырағы, жемістері, сондай-ақ жәндіктермен де қоректенеді. Меңіреу құрдың жылдан жылға саны азаюда, сондықтан оларды атуға тыйым салынған.
Tetrao urogallus
Tetrao urogallus
- Қауіптен тыс түрлер
- Меңіреу құрлар
- Тауықтәрізділер
- Еуразия құстары
- 1758 жылы зерттелген жануарлар