| Серб тілі | |
| Өз атауы: | Sérbian language |
|---|---|
| Елдер: | Сербия, Черногория |
| Сөйлеушілер саны: | 12 млн. |
| Классификация | |
| |
| Жазуы: | кириллица |
| Тіл коды | |
| ISO 639-1: | СРП |
| ISO 639-2: | srp, srp және scc |
| ISO 639-3: | srp |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |
Серб тілі (Sérbian language) — үндіеуропалық тілдер отбасының славян тобының оңтүстік славян кішкі тобына кіреді, тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады. Сербияның (Воеводина, Косово, Метохия провинциялары) және Черногорияның ресми тілі; Босния және Герцеговина Республикасының ресми тілі (босния және хорват тілдерімен бірге) (Конституция 1995).
Референтті халық
Референтті халық: сербтер; өз атауы – сербтер, србтер.
Географиялық таралуы
Сербияның негізгі халқы, сонымен қатар Хорватияда (Хрватска), Черногорияда (Црна Гора) тұрады. Сербтер ұзақ уақыт өмір сүрген басқа елдерде де бөлек аймақтар бар: Македонияда (Куманово, Скопье), Словенияда (Бела Крайна), Румынияда (Банат), Мажарстандада (Печ, Сентендре, Сегед). Тұрақты серб диаспоралары көптеген елдерде бар: Германия, Аустрия, Швейцария, Франция, Ресей, Бразилия, Канада, АҚШ және Аустралияда.
Диалектісі
Серб әдеби тілі стокава диалектісіне негізделген.
Жазуы
Серб тілінде екі алфавит қолданылады: Вук Караджич жасаған кириллица әліпбиі, Людевит Гадж жасаған латын әліпбиі.
Кириллица графикасына негізделген қазіргі жазу:
Аа Бб Вв Гг Дд Ђђ Ее Жж Зз Ии Jj Кк Лл Љљ Мм Нн Њњ Оо Пп Рр Сс Тт Ћћ Уу Фф Хх Цц Чч Џџ Шш
- Алфавит бойынша тілдер мен диалекттер
- Серб тілі