Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Созақ мешіті
Статусы

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Құрылысы басталды

XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы

Картада орналасуы
Созақ мешіті (Қазақстан)Қарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Созақ мешіті (Қазақстан)

Координаттар: 44°08′50″ с. е. 68°28′10″ ш. б. / 44.14722° с. е. 68.46944° ш. б. / 44.14722; 68.46944 (G) (O) (Я)

Мешіт мехрабы
Мешіттің ішкі әрленуі

Созақ мешіті, Қанаи Хақ мешіті, Қанаһа мешіті Шаһиахмед мешіті (XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Түркістан облысы Созақ ауданындағы Созақ ауылында орналасқан.

Мешіт сипаты

Мешіт осы өлкелерге уағыз айтып, рухани қызмет ету мақсатында келген, өңірге белгілі дін қайраткері, этникалық ноғай шейхы Ахметтің есімімен аталған. Шейх Ахметті өз жерлестері құрметтеп, қайтыс болғаннан кейін Ноғай-Ишан деген атпен танымал болды. Мешіт Созақтың ең үлкен сәулет ескерткіші.

Мешіт – тік төртбұрышты ғимарат. Ескерткіш күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, сонымен қатар ағаш конструкциялы бөлшектер кеңінен пайдаланылған, шатыры қаңылтырмен жабылған. Мешіт негізінен айуанмен жалғасатын шаршы намаз залдан тұрады. Ғимараттың маңызды композиц. өзегі жоғары бөлігінде витражы (түрлі түсті әйнек) және бұрыш-бұрышында үйлесімді мұнаралары бар биік порталды дарбаза мен алдыңғы беті болып табылады. Айуанның қаңылтырлы шатырын оймышты сәнді бағаналар тіреп тұр. Алдыңғы бетіне қалақтар мен қауғалардың суреті салынған, намаз залдарының ішкі төбесі әшекейленіп безендірілген, портал витражының сәндік темір торы нақышталған. Созақ мешітінің композициясына Орталық Азия мен орыс архитектурасының элементтері қатар қолданылған.

html error wiki