Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Созақ шайқасы , 1841 жылы қыркүйек айында болды. 1841 жылы қыркүйектің басында Кенесары Қасымұлы Кіші жүздің шөмекей, төртқара, табын руларынан жасақталған 4 мы

Созақ шайқасы

  • Басты бет
  • Созақ шайқасы

Созақ шайқасы , 1841 жылы қыркүйек айында болды. 1841 жылы қыркүйектің басында Кенесары Қасымұлы Кіші жүздің шөмекей, төртқара, табын руларынан жасақталған 4 мың адамдық қолымен Ташкентке бет алды. Бірақ, оның әскер арасында жұқпалы аурудың шығуы жолын біршама бөгеді. Алайда әскерінің екінші бөлігі Созақ, Жаңақорған,Жөлек, Ақмешіт қалаларын қоршауға алды. Әсіресе Созақ қамалы үшін қиян-кескі соғыс болды. Құжаттарда мынадай деректер сақталған: “Кенесары Созақты 18 күн бойы қоршауға алды. Қамал қабырғаларына шығу үшін ағаш сатылар жасалды. Кенесары Созақты және басқа да бекіністерді талқандап, айналасындағы Қоқанға бағынышты қазақтарды өзіне қосып, оларды Торғайға қарай көшуге мәжбүр етті”. Созақтың, бірнеше қамал мен бекіністің алынуы халық бұқарасының алдында Кенесарының беделін көтерді. Бұл жеңілістің нәтижесінде Қоқан хандығы Кенесарыға мәңгілік одақ құруды ұсынды. Бірақ, Кенесары бұдан бас тартып, қазақтарға тиісті жерлерді қайтарып беруді талап етті.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Түргеш қағанаты

  • Сәуір 03, 2026

    Әһл әс-Сунна

  • Сәуір 08, 2026

    Солтүстік Кавказ

  • Сәуір 08, 2026

    Органикалық қышқылдар

  • Сәуір 04, 2026

    Жапония елтаңбасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары