Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бұқасының дене тұрқы 220 см-ге, биіктігі (шоқтығынан) 140 см-ге, салмағы 220 кг-ға жетеді. Солтүстік бұғының қысқы жүні бозғылт, ақшыл, ұзын, қалың жабағылы, жа

Солтүстік бұғысы

  • Басты бет
  • Солтүстік бұғысы

Солтүстік бұғысы (лат. Rangifer tarandus) – бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректі.

Солтүстік бұғысы
Қазбалық ауқымы: Плейстоцен 620,000 BP to present

Амандық күйі

Least Concern (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Cervidae
Кіші тұқымдасы: Capreolinae
Тегі: Rangifer
C.H. Smith, 1827
Түрі: R. tarandus
Екі-есімді атауы
Rangifer tarandus
(Linnaeus, 1758)

Мазмұны

Биологиялық сипаттамасы

Бұқасының дене тұрқы 220 см-ге, биіктігі (шоқтығынан) 140 см-ге, салмағы 220 кг-ға жетеді. Солтүстік бұғының қысқы жүні бозғылт, ақшыл, ұзын, қалың жабағылы, жазда қызғылт күрең, тықыр сирек. Аяғының аша тұяғы жалпақ,, кең ашылады, сондықтан бұқа аяғы қалың қарға, батпаққа аса батпайды.

Қоректенуі мен таралуы

Солтүстік бұғы Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада поляр аралдарын, тундраны, жазық және таулы тайганы мекендейді. Үйірлі, полигамиялы жануарлар. Қысқы оты негізінде қына, көбіне бұғы мүгі, бұта, ағаш бүршігі, бұтағы, жазда шөптесін өсімдіктер, бұта жапырағы, жидек, саңырауқұлақ. Жыл маусымына байланысты тундрадан орманды тундраға және тайганың солтүстігіне өрістейді.

Көбею

Қазан-қыркүйекте үйірге түсіп, 225 күн көтеріп, мамыр- маусымда жалқы, кейде егіз бұзаулайды, жыныстық жағынан 2- жылы жетіледі. Үйірге түсіп шыққан бұқасының мүйізі түсіп, сәуір-тамызда қайта жетіледі. Сиырының мүйізі бұзаулағаннан кейін түсіп, жаңа мүйізі қыркүйекке дейін өсіп жетіледі.

Қолданылуы

Кәсіптік маңызы бар, еті, терісі пайдаланылады. Қолда өсірілетін Солтүстік бұғының тегі- жабайы Солтүстік бұғы.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 24, 2026

    Популяция

  • Сәуір 06, 2026

    Кіші Алматы

  • Сәуір 26, 2026

    Әшір Шоқыбаев

  • Сәуір 10, 2026

    Еуроодаққа мүше елдер тізімі

  • Сәуір 20, 2026

    Молекулалық биология

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары