Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

София Алексеевна (27.9.1657, Мәскеу,-14.7.1704, Мәскеу)-1682-1689 ж. Ресейде билік жүргізуші, Алексей Михайлович патшаның әйелі М.И. Милославскаядан туған қызы.

София Алексеевна

  • Басты бет
  • София Алексеевна

София Алексеевна (27.9.1657, Мәскеу,-14.7.1704, Мәскеу)-1682-1689 ж. Ресейде билік жүргізуші, Алексей Михайлович патшаның әйелі М.И. Милославскаядан туған қызы. София Алексеевна ақылды, жігерлі жзәне өз заманының білімді әйелі болған. Ағасы патша Федор Алексеевич өлгенен кейін (1682 ж 27 сәуір) Слофья 10 жастағы Петр –нің патшалыққа сайлануына қарсы болды, өкімет билігіне таласқан боярлардың жікшілдік күресіне қызу араласты. 1682 жылғы Мәскеу көтерілісін пайдаланып, милославтықтар өкімет билігін қолға алды. Иван V Алексеевичті «бірінші» патша деп жариялады. Совья Алексеевна жасы жетпеген екі бала патшаның жанында уақытша билеуші болып тағайындалды. 1628 ж. күзде үкіметтің дворяндық әскерінің көмегімен Мәскеудегі көтерілісті басты. София Алексеевна дворяндар мүддесіне сай реформа жасай алмады, сол себептен боярлар мен дворяндар тобы наразы болып, Петр I-ні жақтаушылардың жағына шығып кетті. 1689 ж. қыркүйекте Петр I София Алексеевнаны тұтқынға алды. Софьяның шашын қырқып «Сусанна» деген атпен Новодевичье монастырына жіберді, Совья Алексеевна сонда қайтыс болды.

Қолданылған әдебиет

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 355 бет

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Туыс (биология)

  • Сәуір 19, 2026

    Османлы мемлекеті

  • Сәуір 22, 2026

    Аудармашы, тілмәш

  • Наурыз 29, 2026

    Гендік инженерия

  • Сәуір 03, 2026

    Казталов ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары