| Соғанды | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 22 км |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Нарқызыл шатқалы |
| • Координаттары | 43°36′30″ с. е. 74°43′23″ ш. б. / 43.60833° с. е. 74.72306° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Қақпатас өзені |
| • Координаттары | 43°32′32″ с. е. 74°36′31″ ш. б. / 43.54222° с. е. 74.60861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°32′32″ с. е. 74°36′31″ ш. б. / 43.54222° с. е. 74.60861° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Жамбыл облысы, Қордай ауданы |
Соғанды өзені, Суы қанды өзен — Шу алабындағы өзен. Жамбыл облысы, Қордай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 22 шақырым.
Сипаттамасы
Географиясы
Шу-Іле тауларындағы Нарқызыл шатқалының жоғары жағынан бастау алады, Оңтүстік-батысқа қарай ағып, Қақпатас өзеніне құяды. Жағасында Соғанды аулы бар.
Ірілі-ұсақты оншақты саласы бар.
Өзен бойынан Темір дәуіріндегі обалар қорымы табылған. Ол Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.
Атауы
Көктемде қар-жаңбыр суы молайған кезде өзен өткел бермей қатты тасып, адам, мал шығындары болып тұрған. Осыған байланысты «суы қанды өзен» деген атау пайда болған. Кейін бертін келе Соғанды өзені аталып кеткен
Сілтемелер
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Алфавит бойынша өзендер
- Қордай ауданы өзендері