Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Соғды облысы (тәж. вилояти Суғд; 1939–2000 жылдары Ленинабад облысы) — Тәжікстан құрамындағы төрт облыстарының бірі. Соғды атты тарихи аймақта орналасқан бұл об

Соғды облысы

  • Басты бет
  • Соғды облысы

Соғды облысы (тәж. вилояти Суғд; 1939–2000 жылдары Ленинабад облысы) — Тәжікстан құрамындағы төрт облыстарының бірі. Соғды атты тарихи аймақта орналасқан бұл облыстың аумағы 25,400 шаршы километрге, және халық саны 2,707,300 адамға тең.

Облыс
Соғды облысы
тәж. Вилояти Суғд
Әкімшілігі
Кіреді

8 қала және 14 аудан

Әкімшілік орталығы

Хожант

Облыс төрағасы

Раджаббой Ахмадзода

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

27 қазан 1939

Жер аумағы

25,400 км² (3 орын)

Ірі қаласы

Хожант

Басқа ірі қалалары

Пенжакент, Истаравшан, Канибадам

Тұрғындары
Тұрғыны

2,823,900 адам (2022)(2 орын)

Тығыздығы

112,1 адам/км²

Ұлттық құрамы

тәжіктер — 84%
өзбектер — 14,7%
қалғандары — 1,3%

Конфессионалдық құрамы

көбінесе Суннит мұсылмандар

Сандық идентификаторлары
Аббревиатура

TJ-SU

Автомобиль коды

02

Соғды облысы картада

Соғды облысының жерінде Сырдария ағады. Бұл облыс Өзбекстанның Жызақ, Наманған, Самарқан және Ферғана облыстарымен және Қырғызстанның Ош және Баткен облыстарымен шекаралас. Бұл облыста Тәжікстан халқының 29%-ы тұрады және ол елдің ЖІӨ-сінің үштен екісін жасайды.

Мазмұны

Этимологиясы

«Соғды» атауы тұңғыш рет «Авеста» кітабында айтылады. Бұл сөздің «қасиетті», «таза» деген мағыналары болған деген болжам бар. Қазіргі кезде ол жалпы тарихи аймақты білдіру үшін қолданылады.

Соғды облысының бұрынғы атауы Ленинабад Владимир Лениннің құрметіне аталған еді.

Тарихы

Ленинабад облысы (1939–2000)

Ленинабад облысы 1939 жылдың 27 қазанында, республиканың басқа үш тұңғыш облыстарымен (Сталинабад (тәж.)қаз., Куляб (тәж.)қаз. және Ғарм (тәж.)қаз.) қатар құрылды.

Соғды облысы (2000 бастап)

2000 жылы тәуелсіз Тәжікстан үкіметі облыстың атауын Соғды тарихи аумақтың атауымен атап, ол Соғды облысы деп аталды.

Халқы

Халық саны

2021 жылғы санақ бойынша Соғды облысында 2,770 миллионнан астам адам тұрады.

Ұлттық құрамы

2014 жылғы санақ бойынша Соғды облысының ұлттық құрамы:

  • Тәжіктер — 84% (1,876,218 адам)
  • Өзбектер — 14,76% (329,614 адам)
  • Қырғыздар — 0,58% (12896 адам)
  • Орыстар — 0,4% (8890 адам)
  • Татарлар — 0,12% (2600 адам)
  • Түрікмендер — 0,01% (157 адам)
  • Қазақтар — 0,01% (155 адам)
  • Қалғандары — 0,14% (3020 адам)

Әкімшілік бөлінісі

Аудандары

№ Аудан Тәжікше атауы Бұрынғы атаулары Орталығы Ауданы (км²) Халық саны
(2020)
1 Мастчох Мастчоҳ Дильваржин Бустон 1,000 128,400
2 Бабажан Ғафуров Бобоҷон Ғафуров Ленинабад Ғафуров 2,700 380,500
3 Ашт Ашт Шайдон 2,800 168,100
4 Зафарабат Зафаробод Зафарабат 400 75,900
5 Спитамен Нов Нау (2003 дейін) Навкат 400 141,600
6 Джабар Расулов Ҷаббор Расулов Пролетарск Мехрабад 300 137,700
10 Шахристан Шаҳристон Шахристан 1,100 43,700
11 Деваштич Ғончӣ Ғончи Ганчи (кейде Ғончи) 1,600 173,500
13 Айни Айнӣ Захматабад Айни 5,200 83,600
14 Таулы Мастчо Кӯҳистони Мастчоҳ Далён Мехрон 3,700 25,400

Қалалық аудандары

№ Қала Тәжікше атауы Бұрынғы атаулары Ауданы (км²) Халық саны
(2020)
7 Канибадам Конибодом 800 211,100
8 Исфара Исфара 800 274,000
9 Истаравшан Истаравшан Ұра-Төбе (Уротеппа) 700 273,500
12 Пенжакент Панҷакент 3,700 303,000
- Хожант Хуҷанд Ленинабад <100 183,600
- Ыстықлол Ыстықлол Табошар <100 17,900
- Гүлістан Гулистон Кайраккум <100 49,200
- Бустон Бустон Чкаловск <100 36,900
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Түпқараған ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Музыка жанрлары

  • Наурыз 11, 2026

    Су

  • Сәуір 07, 2026

    Ордабасы ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Маралды (өзен)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары