Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мұның жабайы түрлері Үндістанда, Сирияда, Кіші Азияда, Месопотамияда өседі. Сүмбілдің воронка тәрізді, хошиісті гүлінен кейде эфир майы алынады. Сүмбіл желтоқса

Сүмбілдер тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Сүмбіл
шығыс сүмбілі
шығыс сүмбілі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Asparagaceae
Кіші тұқымдасы: Scilloideae
Тайпасы: Hyacintheae
Тегі: Hyacinthus
Tourn. ex Карл Линней
түрлері

3 түрі белгілі

  • Сүмбіл (лат. Hyacinthus) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын әдемі өсімдіктерінің бір туысы.


Мұның жабайы түрлері Үндістанда, Сирияда, Кіші Азияда, Месопотамияда өседі. Сүмбілдің воронка тәрізді, хошиісті гүлінен кейде эфир майы алынады. Сүмбіл желтоқсан-қаңтар айларында гүлдейді. Мұның бағбандар өсіріп шығарған бірнеше сорттары бар, олар: шығыс сүмбіл, көрмелік сүмбіл, нәзік сүмбіл.

  • Сүмбіл (Adіanthum) – қырыққұлақтәрізділер тұқымдасына жататын көп жылдық споралы шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларындағы, Батыс Тянь-Шаньдағы тасты жерлерде, өзен, бұлақтар жағалауларында, сарқырама астында өсетін 1 түрі – шолпаншаш сүмбіл (А. capіllus venerіs) бар. Оның биіктігі 10 – 30 см. Қара түсті қабыршақпен қапталған тамыр сабағы төселмелі. Жапырақтары (вайя) жұқа, екі не үш-үштен бірігіп, қауырсын тәрізді тілімделген. Жапырақ сағағы жіңішке, қара қоңыр, жылтырап тұрады. Спора арқылы немесе тамырының кесіндісімен көбейеді, үш жолақты спорасы шілде – тамыз айларында жетіледі. Шолпаншаш сүмбілді әсемдік өсімдік ретінде гүлзарларда өсіреді және дәрілік қасиеті бар, сондықтан медицинада тыныс жолдарын емдеуге пайдаланылады. Сүмбіл Ақсу – Жабағылы қорығында қорғауға алынған. Сирек кездесетін өсімдік ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Жоғары