Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сүт қышқылы, ɑ-оксипропион қышқылы, СН3СН(ОН)СООН – бір негізді оксикарбон қышқылы. Сүт қышқылы жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердегі зат алмасу нәтижесін

Сүт қышқылы

  • Басты бет
  • Сүт қышқылы

Сүт қышқылы, ɑ-оксипропион қышқылы, СН3СН(ОН)СООН – бір негізді оксикарбон қышқылы. Сүт қышқылы жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердегі зат алмасу нәтижесінде түзілетін маңызды аралық өнім. Сүт қышқылы суда, спиртте, глицеринде, эфирде жақсы еритін түссіз кристалдар. Оның тұздары және эфирлері лактаттар деп аталады. Сүт қышқылын дегидраттағанда акрил қышқылына, ал сұйытылған минералды қышқылдармен қыздырғанда құмырсқа қышқылына айналады. Сүт қышқылы жануарлардың бұлшық еттеріндегі гликолиз процесінің соңғы өнімі болып саналады. Бұлшық еттің шаршауы ондағы гликогеннің азайып, сүт қышқылының көбеюіне байланысты. Егер оттек жеткілікті болса, сүт қышқылы СО2 мен Н2О-ға дейін тотығады, нәтижесінде қалған сүт қышқылының гликогенге айналуына керекті энергия бөлінеді. Сүт қышқылы және оның тұздары тоқыма, тері илеу өнеркәсібінде, медицинада, т.б. қолданылады.

Сүт қышқылы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 24, 2026

    Әз-Зумар сүресі

  • Наурыз 11, 2026

    Ілияс Жансүгіров

  • Сәуір 18, 2026

    Қоңыр көмір

  • Сәуір 04, 2026

    Үшінші рейх

  • Сәуір 08, 2026

    OTAU TV

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары