| Сәтбаев мұздығы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Түрі | Аңғарлық мұздық |
| Ауданы | 7,5 км² |
| Ұзындығы | 5,5 км |
| Орналасуы | |
| 45°09′08″ с. е. 80°28′39″ ш. б. / 45.15222° с. е. 80.47750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°09′08″ с. е. 80°28′39″ ш. б. / 45.15222° с. е. 80.47750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Жетісу облысы |
Сәтбаев мұздығы – Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық, Лепсі өзені осы мұздықтан басталады.
Географиялық сипаты
Ауданы 7,5 км², ұзындығы 5,5 км, абляциялық, еру және булану ауданы 4,7 км², мұздығының көлемі 0,50 км³. Ені 1 км-ге жуық, мұздық тілі 2950 м-ге дейін төмендейді. Фирн 3520 м биіктіктен өтеді.
Ашылуы
Мұздықты алғаш рет 1912 жылы С.Е. Дмитриев, 1915 жылы В.В. Сапожников зерттеді. 1947 жылы ҚазССР ҒА-сы Географиялық секторының 1983 жылдан бастап институт экспедициясы абляция аумағын, мұздың жылу жылдамдығын бақылап, нақты қорытындылар жасады. Сол жолы мұздыққа және оның шыңына совет геологы, ғалым және қоғам қайраткері, академик Қ.И.Сәтбаевтың есімі берілді.
- Алфавит бойынша мұздықтар
- Жетісу облысы мұздықтары
- Жетісу Алатауы

