Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тайшық Кенесарыұлы (1827–1863) — сұлтан. Кенесары Қасымұлының бәйбішесі Күнімжан ханымнан туған. Әкесінің хандық билікті қайта жаңғырту бағытын қызу қолдаған. К

Тайшық Кенесарыұлы

  • Басты бет
  • Тайшық Кенесарыұлы

Тайшық Кенесарыұлы (1827–1863) — сұлтан. Кенесары Қасымұлының бәйбішесі Күнімжан ханымнан туған. Әкесінің хандық билікті қайта жаңғырту бағытын қызу қолдаған. Кенесары ханның өлімінен кейін өзінің ағайын-туыстарымен бірге Қоқан хандығының қол астындағы Қаратау өңіріне қоныс аударды. Қоқан ханына әскери қызметке кіріп, пансат басы (500 әскердің басшысы) атағын алған. Өзінің әскерімен Ұзынағаш шайқасына қатысқан. Осы шайқастан кейін бауыры Ахметпен бірге Ресейдің қол астына өтуге ұйғарым жасады. 1861 жылы қарамағындагы елмен Сырдария бойына көшіп, Сырдария шебінің бастығы ген. Дебудің қол астында болды. 1862 жылы Қоқан бекінісі Жаңақорғанды алуға қатысып, ерлік көрсеткені үшін зауряд-хорунжий шенін алды. Тайшық пен Ахмет сұлтандардың күш салуымен Түркістанға қараған қоңырат, қыпшақтардың бір бөлігі, сунақтардың бір тобы, Шу бойындағы көптеген қазақ рулары орыстардың қол астына өз еріктерімен өтті. Тайшық 1863 жылы Жөлек бекінісі маңында Телқожа батырдың қолынан ауыр жарақат алып, қаза тапқан.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    Моңғол шапқыншылығы

  • Сәуір 03, 2026

    Керей (тайпа)

  • Сәуір 17, 2026

    Осетин тілі

  • Мамыр 01, 2026

    Кіші Айдархан

  • Сәуір 06, 2026

    Күлше қыз-Назымбек

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары