| Талды өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 71 км |
| Су алабының ауданы | 1730 км² |
| Су алабы | Нұра |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қарағаш тауы |
| Сағасы | Шерубайнұра өзені |
| • Координаттары | 49°07′04″ с. е. 73°28′09″ ш. б. / 49.11778° с. е. 73.46917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°07′04″ с. е. 73°28′09″ ш. б. / 49.11778° с. е. 73.46917° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы Шет ауданы |
Талды – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қарағанды облысындағы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 1730 км2.
Бастауы
Талды Қарағаш тауының солтүстік - батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Шопа ауылы тұсында Шерубайнұра өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы көбіне тік жарлы. Ақсы, Байқасқа атты салалары бар. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 1,00 м2/с.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Шет ауданы өзендері
- Нұра су алабы