| Тарғап | |
|---|---|
![]() Тарғап өзені Тарғап ауылында | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 44 км |
| Су алабының ауданы | 352 км² |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Дегерес өзені |
| • Орналасқан жері | Дегерес аулының төменгі жағы |
| • Биіктігі | 1119 м |
| • Координаттары | 43°17′44″ с. е. 75°49′22″ ш. б. / 43.29556° с. е. 75.82278° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Мұса өзені |
| • Биіктігі | 628 м |
| • Координаттары | 43°31′18″ с. е. 75°57′30″ ш. б. / 43.52167° с. е. 75.95833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°31′18″ с. е. 75°57′30″ ш. б. / 43.52167° с. е. 75.95833° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Алматы облысы |
Тарғап (Үлкенбұлақ) — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 44 шақырым.
Сипаттамасы
Географиясы
Жетіжол жотасының етегінде Дегерес өзенінен бөлініп шығып, солтүстікке қарай ағады да, Мұса өзеніне (Қопа саласы) сол жағынан құяды.
Су алабының ауданы 352 шаршы шақырым. Жаңбыр, қар суларымен толығады. Суы үнемі сағасына жете бермейді, жауын-шашын аз жылдары жаз мезгілінде Алматы-Тараз тас жолынан өте бере тартылып қалады да, қыс айларында қайта ағыс пайда болады. Жағалауы жайдақ, кең жайылып ағады.
Жағалауы
Жағасында Тарғап ауылы бар. Өзен ауылдың ішімен ағып өтеді.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері
- Іле су алабы
