Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қарағанды облысындағы Нұра ауданындағы жерінде орналасқан. Көл Тассуат ауылының оңтүстік-батысында (21 км), Щербаковское ауылының солтүстік-шығысында (14 км), т

Тассуат (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тассуат
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі416 м
Өлшемі7,6 × 2,6 км
Ауданы18,2 км²
Жағалау сызығының ұзындығы37 км
Тереңдігі1,7 м
Су алабы
Суды жинау ауданы168 км²
Орналасуы
49°50′01″ с. е. 71°18′44″ ш. б. / 49.83361° с. е. 71.31222° ш. б. / 49.83361; 71.31222 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°50′01″ с. е. 71°18′44″ ш. б. / 49.83361° с. е. 71.31222° ш. б. / 49.83361; 71.31222 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚарағанды облысы
АуданНұра ауданы
Тассуат
Тассуат (көл) (Қарағанды облысы)
Тассуат

Тассуат – Нұра алабындағы көл.

Географиялық орны

Қарағанды облысындағы Нұра ауданындағы жерінде орналасқан. Көл Тассуат ауылының оңтүстік-батысында (21 км), Щербаковское ауылының солтүстік-шығысында (14 км), теңіз деңгейінен 416 м биіктікте.

Гидрографикасы

Аумағы 18,2 км2 (кей жылдары 16,5 км2), ұзындығы 7,6 км, енді жері 2,6 км, ең терең жері 1,7 м. Жағалау сызығының ұзындығы 37 км. Су жиналатын алабы 168 км2. Қар және жер асты суларымен толығады. Суы кермек татиды. Қарашада қатып, сәуірде мұзы кетеді.

Жағалау сипаты

Жағалауы жазық, түбі лайлы.Жағалауында қамыс, құрақ өседі. Негізінен мал суаруға пайдаланылады, алабы жайылым. Жағалауларындағы қамысқа қаз, үйрек, т.б. су құстары ұя салады.

Жоғары