Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Тат тілі (Tatian language) — үндіеуропалық тілдер отбасының иран тармағының оңтүстік-батыс тобына жатады. Аналитикалық құрылысы бар қопарылма (флективті) тілдер

Тат тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тат тілі
Өз атауы:

Tatian language

Елдер:

Ресей, Әзербайжан, Израиль

Сөйлеушілер саны:

34 000

Классификация

Еуразия тілдері

үндіеуропалық тілдері отбасы
иран тармағының оңтүстік-батыс тобы
Жазуы:

латын әліпбиі, кириллица

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

тат 665

ISO 639-1:

ttt

ISO 639-2:

ISO 639-3:

ttt

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Тат тілі (Tatian language) — үндіеуропалық тілдер отбасының иран тармағының оңтүстік-батыс тобына жатады. Аналитикалық құрылысы бар қопарылма (флективті) тілдерге жатады.

Референтті халық

Референтті халық: таттар, тау еврейлері, өз атауы – тат.

Географиялық таралуы

Тат, тау еврейлері Ресей Федерациясында (негізінен Дағыстан Республикасында, сонымен қатар Қабарда-Балқарияда, Ставрополь өлкесінде) және Әзербайжанда тұрады. Әзірбайжанда (Куба қаласы) тау еврейлерінің ірі қауымдарының бірі (5500-ден астам адам) сақталған. Дағыстанда таттар/тау еврейлері негізінен Дербент, Махачқала, Буйнакск, Хасавюрт, Каспийск және Кизляр қалаларында тұрады.

Таттардың/тау еврейлерінің саны эмиграцияға байланысты үнемі азайып келеді. Тек ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Израильге тұрақты тұру үшін 12 мың адам кеткен.

Диалектісі

Тат тілінің 2 диалектісі бар — оңтүстік (Әзербайжанның барлық диалектілері, Куба қаласы мен Оғыз қаласының (бұрынғы Варташен ауылы) диалектілерінен басқасы) және солтүстік (Әзербайжандағы Куба және Оғыз қалаларының диалектілері және Солтүстік Кавказдағы диалектілер).

Жазуы

1928 жылға дейін тау еврейлері тат тіліне бейімделген иврит әліпбиін пайдаланды. 1928-1938 жылдары латын әліпбиі, ал 1938 жылдан бастап орыс графикасына негізделген әліпби болды.

Кириллица негізіндегі әліпби:

А а Б б В в Г г Гъ гъ Гь гь ГI гI Д д
Е е Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Л л
М м Н н О о П п Р р С с Т т У у
Уь уь Ф ф Х х Хь хь Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ
Ъ ъ Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я

Әзербайжанда 1990 жылдардың басынан бастап тат тілі үшін Әзірбайжан латын әліпбиі қолданылады.

A a B b C c Ç ç D d E e Ə ə F f
G g Ğ ğ H h X x I ı İ i J j K k
Q q L l M m N n O o Ö ö P p R r
S s Ş ş T t U u Ü ü V v Y y Z z
Жоғары