Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Теке (түрікм. Teke) — түрікмен халқының құрамындағы ең ірі рулық бөліністердің бірі. Бір болжам бойынша, ру атауы ежелгі «теке» (тау ешкісі) тотемінен шыққан.

Теке тайпасы

  • Басты бет
  • Теке тайпасы

Теке (түрікм. Teke) — түрікмен халқының құрамындағы ең ірі рулық бөліністердің бірі. Бір болжам бойынша, ру атауы ежелгі «теке» (тау ешкісі) тотемінен шыққан.

Теке
түрікм. Teke
Ең көп таралған аймақтар

 Түрікменстан,  Иран

Тілдері

түрікмен тілі, парсы тілі (Иранда екінші тіл ретінде)

Діні

Суннизм (ханафизм)

Түрікменстан туындағы теке өрнегі

Тарихи қоныстанған аймағы — қазіргі Түрікменстанның оңтүстігі мен орталығы. Теке түрікмендері қазіргі Түрікменстан аумағына Маңғыстау түбегінен келіп, Копетдаг етегіне, Мерв және Ақалтеке шұраттарына қоныстанған. Оларды бұл жерлерге XVIII ғасырдың басында (1714–1719) көсем Кеймір Көр бастап келді.

1926 жылы теке-түрікмені жәуміт-түрікменімен бірге барлық түрікмендердің жартысынан астамын құрады.

Текелердің бір бөлігі түркілерге тән дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығымен айналысуды жалғастырса, екінші бөлігі егіншілікке ауысқаны назар аударарлық. Егіншілік кәсібі, сірә, өзен аңғарлары мен тау етектеріндегі ассимиляцияға ұшыраған байырғы иран тілді халықтан алынған болса керек. Сондықтан теке руы ежелден шарва (көшпелі малшылар) және шомыр (отырықшы егіншілер) болып бөлінген. Тіпті жақын туыстардың арасында да еңбек бөлінісі жиі кездесетін: бірі жер өңдесе, екіншісі мал бағып, күзде өз еңбектерінің өнімдерімен алмасқан. Жауласушы рулардың қоршауында болғандықтан, текелер өз жылқыларына өте мұқият әрі қамқор болған. Олар өздері қатты қадірлеген жергілікті ерекше тұқым — ақалтеке жылқысын сақтап келді. Басқа көшпелі түркі халықтарынан айырмашылығы, текелер жылқы етін мүлде жемеген, олар қой етін артық көрген.

Мазмұны

Шығу тегі

 
​Жылқы бейнесіндегі ежелгі қоладан жасалған ұштық, б.з.д. IV–I ғасырлар.

Белгілі француз тарихшы-географы Луи Вивьен де Сен-Мартен Орталық Азияның ежелгі дах тайпаларын теке руымен теңестіреді, бұл ретте теке атауы дах тайпасы атауының туындысы (дериваты) болып саналады. Бұл тұжырыммен ірі кеңестік тарихшы әрі археолог С.П. Толстов келіседі.

Түрікмен ғалымы А. Бекмұрадовтың айтуынша, теке руы өз бастауын ғұндардың түкю тайпасынан алады, сонымен қатар текелер мен ежелгі ғұндардың әскери-әкімшілік құрылымы ұқсас келеді.

​«Түрікмен шежіресінде» теке руы түрікменнің салыр тайпасынан шыққан Той-Тұтмастың ұрпағы екені айтылады.

​Текелердің бір бөлігі XIII ғасырда Хорезм мен Серахстан Анатолия аумағына қоныс аударған.

Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін

 
Ресей азаматтығын өз еркімен қабылдаған текелер. Мерв, 1885–1888 жылдар.

Текелер Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін, 1885 жылғы 24 ақпанда Түркістанда Түрікмен атты милициясы құрылды. 1892 жылғы 7 қарашада Түрікмен атты милициясы Түрікмен атты иррегулярлы дивизионы болып қайта құрылды. 1914 жылғы 29 шілдеде дивизион негізінде Теке атты полкі (жергілікті халықтың қаражатына жасақталған еріктілер полкі) құрылып, ол Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше көзге түсті.

Әдебиет

  • Бек, туркменский род // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі: 86 томдық (82 т. және 4 қос.) — СПб., 1890—1907.
  • Война с текинцами (Абаза) // Константин Константинович Абаза, Война с текинцами, «Читальня народной школы» Вып. 10 — СПб, 1888. Стр. 1–21.

Сілтемелер

  • XIX ғасырдағы текелердің өмірі мен мәдениеті туралы егжей-тегжейлі очерк
  • Түрікмендер. Теке руы. 1885 жыл.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Қазақ радиолары

  • Наурыз 12, 2026

    Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза

  • Наурыз 22, 2026

    Жер қыртысы

  • Сәуір 06, 2026

    Күршім (өзен)

  • Наурыз 21, 2026

    20 наурыз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары