Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан алып, оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала ағып, Теріс-Ащыбұлақ бөгеніне құяды. Бөгеннен өткен соң, Кү

Теріс (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Теріс өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 51 км
Су алабының
ауданы
485 км²
Су алабы Аса өзені
Су ағысы
Бастауы Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайы
  Координаттары 42°51′05″ с. е. 70°30′47″ ш. б. / 42.85139° с. е. 70.51306° ш. б. / 42.85139; 70.51306 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Аса өзені
  Координаттары 42°40′20″ с. е. 71°10′41″ ш. б. / 42.67222° с. е. 71.17806° ш. б. / 42.67222; 71.17806 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°40′20″ с. е. 71°10′41″ ш. б. / 42.67222° с. е. 71.17806° ш. б. / 42.67222; 71.17806 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Жамбыл облысы Жуалы ауданы

ТерісАса өзенінің алабындағы өзен.

Географиялық орны

Жамбыл облысы Жуалы ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 485 км².

Бастауы

Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан алып, оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала ағып, Теріс-Ащыбұлақ бөгеніне құяды. Бөгеннен өткен соң, Күркіреусу өзенімен қосылып, Аса өзені басталады. Өзеннің 20 км-ден астам екі саласы және оншақты ұсақ салалары бар. Қар, жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Аңғары жоғары ағысында 60-110 м, жазықта 300-450 м. Өзен егістікті суаруға пайдаланылады. Жағалауы шабындық. Теріс өзенінің бұрынғы атауы - Мыңбұлақ болған. Ол жөнінде 630 жылдар шамасында Қытай жиһангері Сюань-Цзяньнан жазған сапарнама баян етеді.

Cілтемелер

Жоғары