Тиын (өзб. тийин / tiyin) — өзбек сомына 1/100 қатынасында тең өзбек ұсақ ақша белгісі. Орта ғасырларда кейбір азиялық халықтар арасында тиін терісі ақша бірлігінің баламасы қызметін атқарды.
Тарихы
Тиын ұсақ ақшы бірлігі ретінде Өзбекстан Президентінің 1994 жылғы 16 маусымдағы № УП-870 «Өзбекстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы және Өзбекстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің 1993 жылғы 3 қыркүйектегі № 952 -XII қаулысы негізінде 1994 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді. Ол тек 1994 жылғы үлгідегі 1, 3, 5, 10, 20, 50 тиындық металл шақалар түрінде шығарылды.
Инфляция нәтижесінде құнсызданған тиын шақалары де-юре заңды төлем құралы болып санала берді, бірақ іс жүзінде есеп айырысуларда пайдаланылмады. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап ресми түрде айналыстан алынды.
Шақалары

| Бейнесі | Белгіленген бағасы | Металл (жабыны) | Диаметрі, мм | Жуандығы, мм | Салмағы, г | Қыры |
|---|---|---|---|---|---|---|
Йигирма тийин жазуымен | ||||||
Эллик тийин жазуымен |
Тағы қараңыз
- Ұсақ ақшалар