| Толқын Қалиқызы Забирова | ||
| Туған күні | 17 қазан 1970 (55 жас) | |
|---|---|---|
| Туған жері | Аягөз | |
| Белсенділік жылдары | 1992 - осы уақыт | |
| Мемлекет |
| |
| Мамандығы | әнші | |
| Аспаптары | Фортепиано | |
| Жанрлары | эстрада | |
| Ұжымдары | Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры | |
| Марапаттары | | |
Толқын Қалиқызы Забирова (1970 жылы 17 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында туған) — қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген тұңғыш әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008).
Өнертану ғылымдарының кандидаты. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық өнер факультетінің деканы. Әнші классикалық, халық және эстрада жанрында ән орындайды.
Өмірбаяны
Толқын Қалиқызы 1970 жылы 17 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Анасы - Забирова Зухра Қалиқызы, зейнеткер, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыс істеген. 2025 жылы дүниеден өтті.
Әншінің айтуынша 9 жасында Аягөздегі музыкалық мектепте оқығысы келмейтінін, жақсы мектеп тауып беруін сұраған екен. Жаз бойы қазақ әндерін жаттап, дайындалған.
1979 жылы Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық музыкалық мектепке (хор дирижерлау сыныбы) түсіп, 1988 жылы оны аяқтады.
Сол жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал-хор факультетіне «соло ән айту» мамандығы бойынша КСРО халық әртісі, профессор Бибігүл Төлегенованың сыныбына оқуға түсіп, 1993 жылы үздік бітірді. Социолистік Еңбек Ері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, педагог-профессор Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың класын бітірген.
Консерваторияда оқып жүрген кезде Бибігүл Төлегенованың алдынан шығып, өзін тыңдап көруін сұраған.
1993–1995 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында солист болып еңбек етті.
1995 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал кафедрасында вокал-педагогикалық тәжірибе пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарады.
1997–2000 жылдары сол консерваторияның аспирантурасында оқыды.
Кандидаттық диссертация жазу туралы ой маған екі не бес жыл бұрын келген жоқ. Мен консерваторияны 23 жасымда бітірдім. Бір жылдан кейін менің болашақ ғылыми жетекшім Арлений Виталий Николаевич мені әдістеме және педагогика кафедрасына шақырды. Ол мені әлі оқып жүрген кезімде байқап жүріп, бір күні: Мәскеуге кетуім керек, балаларым сол жақта, ал өз еңбектерімді, бастамаларымды тапсыратын адам жоқ деді. Ол маған қарап: сен жауапкершілігі мол адамсың, бәрін алып жүре аласың деп шештім деді. Сол кезде біз болашақ диссертация тақырыбын таңдадық — ол қазақ тілінің фонетикасына байланысты болатын. Бірақ менің жасым небәрі 23. Жүректе махаббат, басымда жел. Ғылыммен айналысамын, бұл маған керек болады деп ойламадым да. Әуелде мен оның сабақтарына жай бақылаушы ретінде қатысып жүрдім. Кейін бұл процеске өзім де араласа бастадым. Аспаптардың қасына отырып, педагогикалық практиканы жүргізе бастадым. Сосын ол маған барлық дәріс материалдарын берді. Мен вокалдық әдістеме бойынша дәріс оқи бастадым. Консерваторияда сегіз жыл жұмыс істедім, бірақ біз сол тақырып бойынша үздіксіз еңбек еттік. Ол Мәскеуге көшкен соң, мен оған барып тұрдым, жазғы беседкада бірге жұмыс істейтінбіз. Ол көп әңгіме айтатын. Өте қызықты адам еді. Мені қазақ тілінің фонетикасы емес, сол адамның өзімен сұхбаттасу, оның әңгімелерін тыңдау көбірек қызықтыратын. Ол консерваторияны бітіріп, Мәскеудегі Үлкен театрда 15 жыл бойы солист болып, жетекші опера партияларын орындаған.
1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының асперантурасын бітірген.
2010 жылғы 28 мамырда 17.00.02 — «музыкалық өнер» мамандығы бойынша өнертану кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2016 жылғы 19 мамырда өткен алғашқы ұлттық балалар ән байқауы «Бала дауысы» жобасының тәлімгерлерінің бірі болды. Осы байқау аясында ол «Вокалдық тәрбиенің теориясы мен практикасы» атты бейне-курсты әзірлеп, музыка және ән айту пәнінің мұғалімдеріне балаларды байқауға дұрыс дайындау жолдарын түсіндірген.
2022 жылы әнші жол апатына түсіп, жарақат алған болатын.
Шығармашылығы
2025 жылғы 17 қазан күні Алматыда және 23 қазан күні Астана қаласында шығармашылығының 35 жылдығына арналған «Өмірге ғашықпын» атты шығармашылық концерті өтті. Концертке Бағым Мухитденова, Жамиля Серкебаева, Жұбаныш Жексенұлы и Fusion Band тобы қатысты. Концерттен бұрын Толқын Забированың анасы дүниеден өткен болатын. Әншінің өнердегі ұстазы Бибігүл Төлегенова концерттті өткізу қажет деп кеңес берген. Әнші бұл концерттерін дүниеден өткен анасына арнады.
Ғылыми шығармашылығы
- 1994 жылы «Қазақ опералық-концерттік әншілерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері»
- 2007 жылы «Қазақ ұлттық әншілік мектебін қалыптастырудың заманауи мәселелері»
- 2008 жылы «Әншілік дауысты қалыптастыру»
- 2008 жылы «Қазақстандық опералық-концерттік әншілерде қазақ тілінің әншілік фонетикасы дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туралы»
- 2008 жылы «Қазіргі заманғы вокалдық педагогиканың эмпиризмі»
- 2008 жылы «Әншілік дауысты қалыптастырудың үлгісі»
- 2009 жылы «Тарихи-мәдени талдау ұлттық вокал мектебінің жаңа парадигмасының әдіснамалық негізі ретінде»
- 2010 жылы «Опералық әншінің вокалдық-техникалық жұмысының жаңа парадигмасы»
- 2010 жылы «Фонациялық үдеріс энергетикалық үлгілеу: әдістеме негіздері» атты мақалалар мен баяндамалардың авторы.
- 2010 жылы «Ұлттық әншілік мектепті қалыптастыру: жаңа парадигманы іздеу» монографиясы;
- 2010 жылы «Қазақстанның опералық мәдениеті контекстіндегі әншілік дауысты қалыптастырудың жаңа парадигмалық негіздері» атты Кандидаттық диссертациясын қорғап: Өнертану ғылымдарының канидадаты және Доцент құрметті ғылыми атағымен марапатталды.
- 2016 жылы Өнертану ғылымдарының профессоры құрметті ғылыми атағы берілді.
Марапаттары
- 1996 жылы «Янтарный соловей» (Калининград), «Әлібек Дінішевтың театры» (Алматы, 1998) халықаралық конкурстарының лауреаты.
- 2008 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
- 2009 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының сыйлығының лауреаты атанды — бұл марапат оған қазақстандық эстраданың дамуына қосқан үлесі үшін берілді.
- 2010 жылы Өнертану ғылымдарының кандидаты.
- 2010 жылы доцент.
- 2012 жылы ҚР тұңғыш президенті елбасы қоры сыйлығының иегері,
- 2015 жылы Қазақстан халқы ассамблиясының құрмет грамотасы,
- 2025 жылы «Парасат» ордені.
Отбасы
- Тұрмыс құрған. Жұбайы - Бабаев Сафар Ядулаевич (1956 жылы туған), продюссер.
- Ұлдары - Бабаев Шахрияр (2001 жылы туған) Сингапур университетін бітіріп, дипломын алып, қазір өзінің шағын кәсібімен айналысып жатыр.
- Бабаев Дияр (2004 жылы туған) — өнер жолын қуып келе жатқан ізбасары, Құрманғазы атындағы консерваторияда биыл 4-курста оқиды (2025).
- Бабаев Санжар (2006 ж.т.). ЖОО-ның 3-курсында оқиды.
- 17 қазанда туғандар
- 1970 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Аягөзде туғандар
- Алфавит бойынша әншілер
- Қазақстан әншілері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қазақстан опера әншілері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары
- Өнертану ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегерлері
- Қазақстан музыка педагогтары
