Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Томас (Том) Джордж Хупер (ағылш. Thomas George Hooper; 5 қазан 1972(19721005),Лондон, Ұлыбритания) — британдық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. «Патш

Том Хупер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Том Хупер
ағылш. Tom Hooper
Сурет
Том Хупер (2010)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Томас Джордж Хупер

Туған күні

5 қазан 1972 (1972-10-05)(54 жас)

Туған жері

Лондон, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания
 Аустралия

Мамандығы

режиссёр
сценарийші
кинопродюсер

Белсенді жылдары

1990 — қазіргі уақыт

Марапаттары

«Оскар» (2011)

IMDb

ID 0393799

Ортаққордағы Том Хупер

Томас (Том) Джордж Хупер (ағылш. Thomas George Hooper; 5 қазан 1972(19721005),Лондон, Ұлыбритания) — британдық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. «Патшаның сөзі» фильмі үшін Үздік режиссер номинациясы бойынша «Оскар» лауреаты (2011).

Өмірбаяны

Том Хупер 1972 жылы Лондонда Мередит пен Ричард Хупердің отбасында дүниеге келген. Мередит аустралиялық жазушы және мұғалім, ал Ричард ағылшын кәсіпкері болды. Хупер Хайгейт (Highgate School) және Вестминстер (Westminster School) мектептерінде білім алған.

13 жасында ол ағасы сыйға тартқан 16 мм «Bolex» камерасына өзінің «Боялған беттер» атты алғашқы қысқаметражды фильмін түсірді. Фильм 1992 жылы «Channel 4» арнасыда көрсетілді. Фильмнің өндірісін кинорежиссёр Пол Уайланд жартылай қаржыландырды.

2009 жылы «Лидс Юнайтед» футбол клубының тарихын баяндайтын «Қарғыс Юнайтед» фильмі шықты. 2010 жылы Хупер «Патшаның сөзі» фильмін басқарды, ол төрт «Оскар», соның ішінде «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды. Хупердің өзі «Үздік режиссер» номинациясында «Оскар» алды.

Фильмография

толықметражды фильмдер

ЖылҚазақша атыТүпкі аты
2004Қызыл шаңRed Dust
2009Қарғыс ЮнайтедThe Damned United
2010Патшаның сөзіThe King's Speech
2012АласталғандарLes Misérables
2015Даниялық қызThe Danish Girl
2019МысықтарCats
Жоғары