Торайғыр — Ертіс алабындағы көл.
| Торайғыр | |
![]() | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Өлшемі | 1,8 × 0,6 км |
| Ауданы | 0,88 км² |
| Орташа тереңдігі | 3,1 м |
| Орналасуы | |
| 50°51′59″ с. е. 75°39′18″ ш. б. / 50.86639° с. е. 75.65500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°51′59″ с. е. 75°39′18″ ш. б. / 50.86639° с. е. 75.65500° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Павлодар облысы |
| Аудан | Баянауыл ауданы |
| Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). | |
Географиялық орны
Павлодар облысының Баянауыл ауданы Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Ақбет тауының етегінде орналасқан.
Аумағы
Ауданы 0,88 км2, ұзындығы 1,8 км, ені 0,6 км. Орташа тереңдігі 3,1 м. Суын оңтүстігінде таулы (абсолюттік биіктігі 800-1000 м), солтүстігінде ұсақ шоқылы (салыстырмалы биіктігі 15-50 м) алаптан жинайды.
Жер бедері
Көл тектоникалық ойыста пайда болған, жағасы жақпартасты, тік. Суында мөңке, алабұға, т.б. балықтар кездеседі. Көл – осы өңірде туып-өскен қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровтың есіміне байланысты жерлердің бірі. Ақын бейіті осы көлдің маңында.
Көлде Жартас деп аталатын аралдар бар.
- Торайғыр көлі
- Жағадағы қара қандыағаштар

