Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тоқтамыс би Жанұзақұлы (XIX ғасыр) — Атығай руынан шыққан би. Тоқтамыс бидің Атығай-Қарауыл, Керей-Уақ, Бағаналы, тағыда басқа болыстарға ықпалы бар, патша әкім

Тоқтамыс би

  • Басты бет
  • Тоқтамыс би

Тоқтамыс би Жанұзақұлы (XIX ғасыр) — Атығай руынан шыққан би. Тоқтамыс бидің Атығай-Қарауыл, Керей-Уақ, Бағаналы, тағыда басқа болыстарға ықпалы бар, патша әкімшілігі алдында да беделді төбе би болған. 1820 жылы оған Коллежский Ассесор атағы берілген. Полковник шеніне ұсынылғаны туралы дерек бар. Атығай Ажар ақын Тоқтамыс би туралы былай деп жырлаған:

Туған жоқ асып қазақ Тоқтамыстан,

Хан болып Орта жүзге атағы ұшқан.

Олжабай Нұралыұлы Саққұлақ бидің немересі:

Қазақта жан туған жоқ Тоқтамыстай,

Тоқтамыстың баласы – Маңдай, Жандай.

Патшамен грамота хат алысқан,

Жандайды қандай адам осал дейді-ай?

Ер Жандайдың баласы Кәкен еді,

Құнанбай тобықтыны қарына ілді,

- деп жырлаған тұқым.

Ақ Патшаға 1855 жылы барғандар туралы:

Бәрінің болып көсемі,

Тоқтамыс тілге шешені,

Жақсылық іске бас болған,

Жамандарға қас болған,

Жаяуларға ат болып,

Тарыққанға ас болған,

- деп Тоқтамыс бидің де барғанын айтады. Тоқтамыс би – Маңдай – Ғафар ата-балалы-немере аға сұлтандықта болған атақты әулет. Оларға «Дворян әулеті» атағы берілген.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 14, 2026

    Тіршілік кеңістігі

  • Сәуір 24, 2026

    Қоңыржай белдеу

  • Мамыр 02, 2026

    Массалар центрі

  • Сәуір 05, 2026

    Осакаров ауданы

  • Сәуір 21, 2026

    Басқару жүйесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары