Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тянь-Шань шыршасы (лат. Pícea tianschánica) — қарағайлар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш, бұта. Ол Шренк шыршасы түрше. Алматы облысында к

Тянь-Шань шыршасы

  • Басты бет
  • Тянь-Шань шыршасы

Тянь-Шань шыршасы (лат. Pícea tianschánica) — қарағайлар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш, бұта. Ол Шренк шыршасы түрше. Алматы облысында кең таралған. Теңіз деңгейінен биіктігі 1300-3600 м. Осы ағаштар Тянь-Шань эндемиктері және тек-ғана Іле Алатауында, дәл сондай Жетісу Алатауында кездеседі.

Тянь-Шань шыршасы
Осы шыршалар Алмарасан санаторийдің жақын жерде өседі
Осы шыршалар Алмарасан санаторийдің жақын жерде өседі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Қылқан жапырақ
Табы: Қылқан Жапырақ
Сабы: note
Тұқымдасы: Қарағайлар тұқымдасы
Тегі: Picea tianschanica
Pıcea
Синонимдер
  • Picea prostrata Isakov
  • Picea tianschanica Rupr.

Мазмұны

Сипаттамасы

Тянь-Шань шыршасы — қалдық өсімдіктер. Жас ұзақтығы 250–300 жыл. Ұсақ тасты, жартасты тау беткейлерінде бірыңғай шыршалы кейде сібір самырсынымен аралас орман құрап өседі. Орта биіктігі 60 метрге жетеді, ал сыпайы жағдайында 100 метрге жетеді. Орта жуандығы 2 метрге дейін жетеді. Діңінің қабығы қоңырқай сұрғылт түсті, қабыршақтанып оңай сылынады. Қылқаны (жапырақтары) 4 қырлы, үшкір, ұзындығы 2-3,5 см, ені 2,0 мм-дей, ұзарған өркенінің қабық төмпешіктерінде бір-бірден болады. Жапырақтары түскенде төмпешіктері сақталып қалады. Бүрі сопақша, цилиндр пішінді, ұзындығы 8-10 см, жуандығы 2,5-4 см. Жеміс жапырақтары, көбінесе бүрлерінде орналасады. Мамыр айында гүлдейді. Вегетативтік (өсімді) жолмен көбейеді. Тұқымы мамырда, қоңырқай түсті келеді, жұқа қанатшалы өсіндісі арқылы желмен таралады, тамыз-қыркүйекте піседі. Алғашқы 15 жылда баяу (жылына 5-25 см), содан кейін тез өседі.

 
Осы шыршаның ағаш

Пайдалану

Шыршаның ағашы көптеген құнды қасиеттерге ие. Ол керемет берік. Революцияға дейін бұл шыршаны құрылыс материалы ретінде пайдаланған. Одан Алматының тұрғын үйлері және қоғамдық ғимараттар салынған, оның ішінде атақты Кафедралды шіркеу де бар. Осы ескерткішті 70-ші жылдары қалпына келтіруде ХІХ ғасырдағы үйлердің бөренелері пайдаланылды — олар жақсы сақталған Тянь-Шань шыршасының ағашынан — музыкалық ішекті аспаптар: гитара, домбыра жасауда таптырмайтын бағалы материал.

 
Орман
 
Құлатылған ағаштар
 
Ағаш қатты жел артынан құлады
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Алтай (қала)

  • Сәуір 05, 2026

    Унитарлы мемлекет

  • Сәуір 05, 2026

    Мәрмәр теңізі

  • Сәуір 05, 2026

    Азаматтық кодекс

  • Сәуір 05, 2026

    Өлі теңіз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары