Тікирек жотасы – Алтай тауларының солтүстік сілемдерінде Ресей (Алтай өлкесі) мен Қазақстан (Глубокое және Шемонаиха аудандары) шекаралары аралығында орналасқан. Чарыш және Үбі өзендерінің суайрығы саналады.
| Тікирек жотасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Биіктігі | 2299 м |
| Орналасуы | |
| 50°58′43″ с. е. 83°29′09″ ш. б. / 50.97861° с. е. 83.48583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°58′43″ с. е. 83°29′09″ ш. б. / 50.97861° с. е. 83.48583° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Жер бедері мен геологиялық құрылымы
Абсолюттік биіктігі 2299 м. Жер қыртысы негізінен гранитті және эффузивтік тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстігінде жартасты Луковая тауы орналасқан.
Өсімдігі
Беткейлерінің төменгі жағында далалық өсімдіктер, 800 м-ден жоғарыда майқарағайдан тұратын таулы тайга; 1800 м биіктіктен бастап альпілік шалғын және биік таулы тундраға алмасады. Қазақстан бөлігінен Үбі өзені бастау алады.

