Төлепберген Әбдірәшұлы Әбдірәшев (26 шілде, 1948, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылы - 26 қазан, 2007, Алматы) —дирижер. Қазақстанның халық артисі. (1995).
Өмірбаяны
- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын дирижëрлеу кафедрасы бойынша 1974 жылы Тұрғыт. Османовтың сыныбы бойынша бітірген.
- П.И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын 1979 жылы дирижëр Геннадий Рождественский сыныбы бойынша бітірген.
- 1982 — 83 ж. Вена музыка академиясының (Аустрия) стажері.
- 1979 — 82 ж. Алматыда Қазақ симфониялық оркестрінің дирижері
- 1985 — 87 ж. Қазақ опера және балет театрының бас дирижері болды.
- 1987 жылдан осы оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.
Гастрольдік сапарлары
Ол әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Ресейде, Украинада симфониялық оркестрлерге дирижерлік етті.
Жетістіктері
- 1977 ж. Германия елінде Батыс Берлинде өткен Герберт фон Караян атындағы Халықаралық дирижерлер байқауының дипломанты
- 1983 ж. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды.
Санаттар:
- 26 шілдеде туғандар
- 1948 жылы туғандар
- Жаңақорған ауданында туғандар
- 26 қазанда қайтыс болғандар
- 2007 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан дирижерлері
- КСРО дирижерлері
- XX ғасыр дирижерлері
- Қазақстан халық әртістері
- Құрмет орденінің иегерлері
- КСРО академиялық музыканттары
- Қазақстан академиялық музыканттары
- Мәскеу консерваториясы түлектері
- Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры әртістері