Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Оскар» (1943, 1947, 1960)«Алтын глобус» (1980)«BAFTA» (1980)«Алтын пальма бұтағы» (1957)Ирвинг Тальберг атындағы сыйлық (1966)

Уильям Уайлер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уильям Уайлер
ағылш. William Wyler
Сурет
Уильям Уайлер (1945)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Вилли Вилер

Туған күні

1 шілде 1902 (1902-07-01)

Туған жері

Мюльхаузен, Эльзас, Герман империясы (қазір — Мюлуз, Франция)

Қайтыс болған күні

27 шілде 1981 (1981-07-27)(79 жас)

Қайтыс болған жері

Беверли-Хиллз, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр
сценарийші
кинопродюсер

Белсенді жылдары

1925 — 1970

Марапаттары

«Оскар» (1943, 1947, 1960)
«Алтын глобус» (1980)
«BAFTA» (1980)
«Алтын пальма бұтағы» (1957)
Ирвинг Тальберг атындағы сыйлық (1966)

IMDb

ID 0943758

Ортаққордағы Уильям Уайлер

Уильям Уайлер (ағылш. William Wyler; 1 шілде, 1902. Мюлуз, Эльзас, Герман империясы — 7 шілде, 1981, Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Уайлдер — Голливуд тарихындағы ең табысты режиссерлердің бірі. Ол рекордтық көрсеткішпен 12 рет «Оскар» сыйлығына ұсынылса, оның басшылығымен түскен актерлер мен актрисалар 36 рет номинация алып, оның 13 жеңіске жеткен.

Америкалық киноакадемия тарапынан «Үздік фильм» деп танылған «Миссис Минивер» (1942), «Өміріміздің үздік жылдары» (1946) және «Бен-Гур» (1959) туындылары үшін үш мәрте «Оскар» сыйлығын иеленген. Сондай-ақ, 1956 жылы «Достық ниет» фильмі үшін Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алды. Уайлер түсірген фильмдер жалпы алғанда «Оскардың» түрлі номинацияларына 127 рет ұсынылып, 38 алтын мүсіншені қанжығасына байлаған.

Кино тарихшысы Ян Фрир Уайлерді «нағыз перфекционист» деп сипаттайды: оның әрбір детальді мінсіз шыңдауға деген ұмтылысы мен дубльдерді сан мәрте қайталауға құштарлығы кезінде аңызға айналған болатын. Классикалық әдеби туындыларды экрандап, оларды кассалық табыс пен сыншылардың жоғары бағасына ие болған шоқтығы биік туындыларға айналдыра білуі оны 1930-1960 жылдар аралығындағы Голливудтың ең табысты әрі сенімді киногерлерінің біріне айналдырды. Сахналау, монтаж және камера қозғалысын шебер үйлестіру арқылы ол театрға тән кеңістікті шынайы кинематографиялық әлемге айналдыра алды. Сонымен қатар, Уайлер актерлердің ішкі әлемін аша білетін бірегей режиссер ретінде де танымал — ол талай артистің бағын ашып, оларды әлемдік жұлдыз деңгейіне көтерді.

Фильмография

Дыбыстық фильмдер

Жыл Атауы Шынайы атауы Рөлі
1929 ф Тозақ батырлары Hell's Heroesрежиссёр
1930 ф Дауыл The Stormрежиссёр
1931 ф Бөлінген үй A House Dividedрежиссёр
1932 ф Калверлік Том Браун Tom Brown of Culverрежиссёр
1933 ф Оның алғашқы көмекшісі Her First Mateрежиссёр
1933 ф Заң кеңесшісі Counsellor at Lawрежиссёр
1934 ф Гламур Glamourрежиссёр
1935 ф Мейірімді пері The Good Fairyрежиссёр
1935 ф Көңілді алдау The Gay Deceptionрежиссёр
1936 ф Осы үшеуі These Threeрежиссёр
1936 ф Додсворт Dodsworthрежиссёр
1936 ф Келіңіз және оны алыңыз Come and Get Itрежиссёр
1937 ф Тұйық Dead Endрежиссёр
1938 ф Иезавель Jezebelрежиссёр
1939 ф Найзағайлы асу Wuthering Heightsрежиссёр
1940 ф Батыстық The Westernerрежиссёр
1940 ф Хат The Letterрежиссёр
1941 ф Кішкентай түлкілер The Little Foxesрежиссёр
1942 ф Миссис Минивер Mrs. Miniverрежиссёр
1946 ф Өміріміздің үздік жылдары The Best Years of Our Livesрежиссёр
1949 ф Мұрагер әйел The Heiressрежиссёр, продюсер
1951 ф Детективтік хикая Detective Storyрежиссёр, продюсер
1952 ф Кэрри Carrieрежиссёр, продюсер
1953 ф Рим демалысы Roman Holidayрежиссёр, продюсер
1955 ф Үрейлі сағаттар The Desperate Hoursрежиссёр, продюсер
1956 ф Достық ниет Friendly Persuasionрежиссёр, продюсер
1958 ф Үлкен ел The Big Countryрежиссёр, продюсер
1959 ф Бен-Гур Ben-Hurрежиссёр
1961 ф Балалар сағаты The Children's Hourрежиссёр, продюсер
1965 ф Жинақтаушы The Collectorрежиссёр
1966 ф Миллионды қалай ұрлауға болады How to Steal a Millionрежиссёр
1968 ф Күлкілі қыз Funny Girlрежиссёр
1970 ф Л. Б. Джонстың босатылуы The Liberation of L.B. Jonesрежиссёр
Жоғары