| Уоңка | |
| ағылш. Wonka | |
Фильмнің театрлық тұсаукесер постері | |
| Жанры | мюзикл |
|---|---|
| Режиссёрі | Пол Кинг |
| Продюсері | Дэвид Хейман |
| Сценарийдің авторы | Сюжет: |
| Басты рөлдерде | Тимоти Шаламе |
| Операторы | Чһоң Чһоң Һун |
| Сазгері | Джоби Тэлбот |
| Кинокомпания | Village Roadshow Pictures |
| Дистрибьютор | Warner Bros. Pictures |
| Ұзақтығы | 116 минут |
| Бюджеті | 125 миллион $ |
| Кассалық түсімі | 632.3 миллион $ |
| Мемлекет |
|
| Тілі | |
| Шыққан жылы | 2023 |
| Келесі фильм | Уилли Уоңка және шоколад фабрикасы (сюжеті бойынша) |
| IMDb | |
| Ресми сайты Ортаққордағы Уоңка | |
Уоңка (кейде Уоңқа; ағылш. Wonka) — Чарли және шоколад фабрикасы хикаятына негізделген фэнтези жанрындағы америкалық-британдық фильм-мюзикл, Уилли Уоңка және шоколад фабрикасы (1971) фильмінің приквелы. Фильмнің режиссёрі — Пол Кинг, дистрибьюторы — Warner Bros. Pictures және басты рөл сомдаған актерлері — Тимоти Шаламе, Киган-Майкл Кей, Салли Хокинс, Роуэн Аткинсон және басқалары. Фильм 2023 жылғы 15 желтоқсанда жарық көрді.
Фильм Уилли Уоңканың қалай шоколад фабрикасын ашқаны жайлы баяндайды.
Рөл сомдағандар
- Тимоти Шаламе — Уилли Уоңка
- Киган-Майкл Кей — жемқор полиция басшысы
- Салли Хокинс — Уилли Уоңканың анасы
- Роуэн Аткинсон — жемқор шіркеу басшысы
- Оливия Колман
- Джим Картер
- Мэттью Бэйнтон — Фикльгрубер
- Том Дэвис
- Саймон Фарнаби
- Рич Фулчер
- Кобна Холдбрук-Смит
- Патерсон Джозеф — Артур Слагворт
- Хью Грант — Лофти, Уоңканың досы болатын Умпа-Лумп
- Калах Лейн
- Мэтт Лукас — Продноуз
- Колин О'Брайен — жас Уилли Уоңка
- Наташа Ротуэлл — Пайпер Бенц
- Раки Такрар
- Элли Уайт
Өндірісі
2016 жылғы қазанда Warner Bros. Pictures Роалд Далдың Чарли және шоколад фабрикасы хикаятына қайта құқығын алды, Дэвид Хейман мен Майкл Сиглдың басшылығында сол хикаят негізінде жаңа фильмнің жасалып жатқаны жарияланды. 2018 жылы жоспарланған актерлер тізімінде Дональд Гловер, Райан Гослинг және Эзра Миллердің бар болғаны және фильмнің Уилли Уоңка және шоколад фабрикасының (1971) приквелы болатыны белгілі болды.
2021 жылғы қаңтарда фильм режиссерінің Пол Кинг болғаны және басты рөлді Тимоти Шаламе, не Том Холланд сомдайтыны және фильм атауының «Уоңка» (ағылш. Wonka) болатыны жарияланды. Мамыр айында рөлге Шаламе таңдалды және фильмде бірнеше музыкалық нөмірдің орын алатыны белгілі болды. Кингтің айтуынша Шаламе оның жалғыз таңдауы болған, Кинг YouTubeтан Шаламенің мектептегі актерлігін көріп, оның мюзиклге икемі бар даусы, керек хореографиялық қабілеті бар екенін көргесін Шаламені таңдағанын айтқан. Шаламеге қатысқаны үшін 9 миллион доллар берілді.
Релизі
«Уоңка» фильмінің 2023 жылғы 20 қарашада Токиода арнайы тұсаукесері болды, оған режиссері Пол Кинг, продюсерлері Дэвид Хейман, Александра Дербюшир және жұлдыздары Тимоти Шаламе мен Хью Грант қатысты. Фильмнің дүние жүзі бойынша тұсаукесері 28 қарашада, Лондондағы Royal Festival Hallда орын алды, фильмнің театр тұсаукесері Ұлыбританияда 8 желтоқсанда болды. Фильм бастапқыда 17 наурыз күні жарыққа шығады деп жоспарланған еді.
Қабылдауы
Түсімі
22 желтоқсан, 2023 жылғы санақ бойынша фильм АҚШ пен Канадада 57.5 миллион доллар жинаса, басқа территорияларда 113.2 миллион және жалпы дүние жүзінде 170.7 миллион доллар жинаған.
Сыншылардың пікірі
Rotten Tomatoes 276 сыншыларының 84% фильмге оң баға берді, фильмнің орташа рейтингі 7.3/10 болды. CinemaScore сайтының көрермендері фильмді A+ пен F арасындағы бағалау жүйесі бойынша фильмді "A–" бағасын қойды және PostTrak көрермендері оған 85% оң баға берді, олардың 64% фильмді басқаларға ұсынамыз деді.
Ескертпелер
- Фильмнің ресми қазақша субтитрлерінде Willy Wonka есімі Уилли Уоңқа деп аударылған және фильмнің атауы сәйкесінше Уоңқа деп жазылған. Оған қарамастан, сайттардың көпшілігінде, соның ішінде ticketon.kz сайтында Уоңқаның орысша есімі, Вилли Вонка, сақталған. Уоңка жайлы кітаптардың қазақша аудармасында кейіпкердің есімі Уоңка деп жазылған. Бірнеше эксперт, соның ішінде Раиса Сайранқызы есімнің бұл нұсқасын қолдаған.
- Алфавит бойынша фильмдер
- 2023 жылғы фильмдер
- Ағылшын тіліндегі фильмдер
- Роалд Дал шығармаларының экрандаулары
- Әдеби ертегілердің экрандаулары
- 2023 жылғы АҚШ фильмдері
- 2023 жылғы Ұлыбритания фильмдері
- Приквел-фильмдер
- Ұлыбритания романдарының экрандаулары
- Heyday Films фильмдері
- Warner Bros. фильмдері
- Жастар фильмдері
