Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Уоңка (кейде Уоңқа; ағылш. Wonka) — Чарли және шоколад фабрикасы хикаятына негізделген фэнтези жанрындағы америкалық-британдық фильм-мюзикл, Уилли Уоңка және шо

Уоңка (фильм)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уоңка
ағылш. Wonka
Фильмнің постері
Фильмнің театрлық тұсаукесер постері
Жанры

мюзикл
фэнтези

Режиссёрі

Пол Кинг

Продюсері

Дэвид Хейман
Люк Келли
Александра Фергюсон

Сценарийдің авторы

Сюжет:
Пол Кинг
Сценарий:
Саймон Фарнаби (ағыл.)
Пол Кинг

Басты рөлдерде

Тимоти Шаламе
Киган-Майкл Кей
Салли Хокинс
Роуэн Аткинсон
Оливия Колман
Джим Картер

Операторы

Чһоң Чһоң Һун (ағыл.)

Сазгері

Джоби Тэлбот

Кинокомпания

Village Roadshow Pictures
Heyday Films
The Roald Dahl Story Company

Дистрибьютор

Warner Bros. Pictures

Ұзақтығы

116 минут

Бюджеті

125 миллион $

Кассалық түсімі

632.3 миллион $

Мемлекет

 АҚШ
 Ұлыбритания

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

2023

Келесі фильм

Уилли Уоңка және шоколад фабрикасы (сюжеті бойынша)

IMDb

ID 6166392

Ресми сайты
Ортаққордағы Уоңка

Уоңка (кейде Уоңқа; ағылш. Wonka) — Чарли және шоколад фабрикасы хикаятына негізделген фэнтези жанрындағы америкалық-британдық фильм-мюзикл, Уилли Уоңка және шоколад фабрикасы (1971) фильмінің приквелы. Фильмнің режиссёрі — Пол Кинг, дистрибьюторы — Warner Bros. Pictures және басты рөл сомдаған актерлері — Тимоти Шаламе, Киган-Майкл Кей, Салли Хокинс, Роуэн Аткинсон және басқалары. Фильм 2023 жылғы 15 желтоқсанда жарық көрді.

Фильм Уилли Уоңканың қалай шоколад фабрикасын ашқаны жайлы баяндайды.

Рөл сомдағандар

  • Тимоти ШаламеУилли Уоңка
  • Киган-Майкл Кей — жемқор полиция басшысы
  • Салли Хокинс — Уилли Уоңканың анасы
  • Роуэн Аткинсонжемқор шіркеу басшысы
  • Оливия Колман
  • Джим Картер
  • Мэттью Бэйнтон (ағыл.)Фикльгрубер
  • Том Дэвис
  • Саймон Фарнаби (ағыл.)
  • Рич Фулчер (ағыл.)
  • Кобна Холдбрук-Смит (ағыл.)
  • Патерсон Джозеф — Артур Слагворт
  • Хью ГрантЛофти, Уоңканың досы болатын Умпа-Лумп
  • Калах Лейн
  • Мэтт Лукас — Продноуз
  • Колин О'Брайен — жас Уилли Уоңка
  • Наташа Ротуэлл — Пайпер Бенц
  • Раки Такрар (ағыл.)
  • Элли Уайт (ағыл.)

Өндірісі

2016 жылғы қазанда Warner Bros. Pictures Роалд Далдың Чарли және шоколад фабрикасы хикаятына қайта құқығын алды, Дэвид Хейман мен Майкл Сиглдың басшылығында сол хикаят негізінде жаңа фильмнің жасалып жатқаны жарияланды. 2018 жылы жоспарланған актерлер тізімінде Дональд Гловер, Райан Гослинг және Эзра Миллердің бар болғаны және фильмнің Уилли Уоңка және шоколад фабрикасының (1971) приквелы болатыны белгілі болды.

2021 жылғы қаңтарда фильм режиссерінің Пол Кинг болғаны және басты рөлді Тимоти Шаламе, не Том Холланд сомдайтыны және фильм атауының «Уоңка» (ағылш. Wonka) болатыны жарияланды. Мамыр айында рөлге Шаламе таңдалды және фильмде бірнеше музыкалық нөмірдің орын алатыны белгілі болды. Кингтің айтуынша Шаламе оның жалғыз таңдауы болған, Кинг YouTubeтан Шаламенің мектептегі актерлігін көріп, оның мюзиклге икемі бар даусы, керек хореографиялық қабілеті бар екенін көргесін Шаламені таңдағанын айтқан. Шаламеге қатысқаны үшін 9 миллион доллар берілді.

Релизі

«Уоңка» фильмінің 2023 жылғы 20 қарашада Токиода арнайы тұсаукесері болды, оған режиссері Пол Кинг, продюсерлері Дэвид Хейман, Александра Дербюшир және жұлдыздары Тимоти Шаламе мен Хью Грант қатысты. Фильмнің дүние жүзі бойынша тұсаукесері 28 қарашада, Лондондағы Royal Festival Hallда орын алды, фильмнің театр тұсаукесері Ұлыбританияда 8 желтоқсанда болды. Фильм бастапқыда 17 наурыз күні жарыққа шығады деп жоспарланған еді.

Қабылдауы

Түсімі

22 желтоқсан, 2023 жылғы санақ бойынша фильм АҚШ пен Канадада 57.5 миллион доллар жинаса, басқа территорияларда 113.2 миллион және жалпы дүние жүзінде 170.7 миллион доллар жинаған.

Сыншылардың пікірі

Rotten Tomatoes 276 сыншыларының 84% фильмге оң баға берді, фильмнің орташа рейтингі 7.3/10 болды. CinemaScore сайтының көрермендері фильмді A+ пен F арасындағы бағалау жүйесі бойынша фильмді "A–" бағасын қойды және PostTrak көрермендері оған 85% оң баға берді, олардың 64% фильмді басқаларға ұсынамыз деді.

Ескертпелер

  1. Фильмнің ресми қазақша субтитрлерінде Willy Wonka есімі Уилли Уоңқа деп аударылған және фильмнің атауы сәйкесінше Уоңқа деп жазылған. Оған қарамастан, сайттардың көпшілігінде, соның ішінде ticketon.kz сайтында Уоңқаның орысша есімі, Вилли Вонка, сақталған. Уоңка жайлы кітаптардың қазақша аудармасында кейіпкердің есімі Уоңка деп жазылған. Бірнеше эксперт, соның ішінде Раиса Сайранқызы есімнің бұл нұсқасын қолдаған.
Жоғары