Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Уэсли Уэльс Андерсон (ағылш. Wesley Wales Anderson; 1 мамыр, 1969, Хьюстон, Техас, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер.

Уэс Андерсон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уэс Андерсон
ағылш. Wes Anderson
Сурет
Уэс Андерсон (2025)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Уэсли Уэльс Андерсон

Туған күні

1 мамыр 1969 (1969-05-01)(57 жас)

Туған жері

Хьюстон, Техас, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр
сценарийші
кинопродюсер

Білімі

Остиндегі Техас Университеті

Белсенді жылдары

1992 — қазіргі уақыт

Бағыты

тәуелсіз америкалық кино

Жұбайы
Джуман Малуф
​
​
(үйл. 2009)​
Балалары

1

Марапаттары

«Оскар» (2024)
«Алтын глобус» (2015)
BAFTA (2015)
«Күміс аю» (2014, 2018)

IMDb

ID 0027572

Ортаққордағы Уэс Андерсон

Уэсли Уэльс Андерсон (ағылш. Wesley Wales Anderson; 1 мамыр, 1969, Хьюстон, Техас, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер.

Оның фильмдеріне қайғы-қасірет, балалық шақпен қоштасу және берекесіз отбасылар тақырыбы тән. Туындыларының эксцентриктігі, ерекше визуалды және баяндау стилі, сондай-ақ актерлер ансамблін жиі қолданатындығы үшін сыншылар Андерсонды авторлық киноның шебері деп атайды. Ол бірнеше беделді марапаттарға, соның ішінде «Оскар» және «BAFTA» сыйлықтарына ие болып, «Алтын глобус» жүлдесіне төрт рет ұсынылған. Режиссердің үш бірдей туындысы BBC Culture нұсқасы бойынша 2016 жылы жасалған «2000 жылдан бергі ең ұлы фильмдер» тізіміне енді.

Андерсон өзінің алғашқы «Бөтелке ракетасы» (Bottle Rocket, 1996) және «Рашмор» (Rushmore, 1998) фильмдерімен танымал болды. Осы кезеңде ол ағайынды Люк және Оуэн Уилсондармен жиі жұмыс істеп, өзінің «American Empirical Pictures» кинокомпаниясының негізін қалады. «Тененбаумдар отбасы» (The Royal Tenenbaums, 2001) фильмі үшін «Үздік түпнұсқалық сценарий» номинациясы бойынша алғаш рет «Оскар» сыйлығына үміткер атанды. Одан кейінгі туындыларының қатарында «Стив Зиссумен су астындағы өмір» (The Life Aquatic with Steve Zissou, 2004), «Дарджилинг Лимитед» (The Darjeeling Limited, 2007) және «Үздік анимациялық фильм» номинациясын иеленген алғашқы куыршақ туындысы — «Теңдессіз Фокс мырза» (Fantastic Mr. Fox, 2009) бар. Кейіннен «Толық ай патшалығы» (Moonrise Kingdom, 2012) фильмі арқылы «Үздік түпнұсқалық сценарий» номинациясы бойынша екінші рет «Оскарға» ұсынылды.

«Гранд Будапешт қонақ үйі» (2014) фильмі режиссерге үлкен табыс әкеліп, ол алғаш рет «Үздік режиссура» және «Үздік фильм» номинациялары бойынша «Оскарға» үміткер атанды, сондай-ақ үшінші рет «Үздік түпнұсқалық сценарий» номинациясын алып, дәл осы санатта «BAFTA» сыйлығын жеңіп алды. Кейінгі жұмыстарының арасында оған «Үздік режиссура» үшін «Күміс аю» жүлдесін және тағы бір «Үздік анимациялық фильм» номинациясын алып берген екінші куыршақ туындысы — «Иттер аралы» (Isle of Dogs, 2018), сонымен қатар «Француз хабаршысы» (The French Dispatch, 2021), «Астероидтар қаласы» (Asteroid City, 2023) және «Финикиялық жоспар» (The Phoenician Scheme, 2025) фильмдері бар. Андерсон өзінің «Генри Шугардың ғажайып хикаясы» (The Wonderful Story of Henry Sugar, 2023) туындысы үшін «Үздік көркем қысқаметражды фильм» номинациясында «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. «Рашмор» және «Гранд Будапешт қонақ үйі» фильмдері «мәдени, тарихи немесе эстетикалық құндылығы бар» деп танылып, АҚШ фильмдерінің ұлттық тізіліміне енгізілді.

Фильмография

Жыл Атауы Шынайы атауы Рөлі
1996 ф Бөтелке ракетасы (ағыл.) Bottle Rocketрежиссёр, сценарийші
1998 ф Рашмор (ағыл.) Rushmoreрежиссёр, сценарийші, атқарушы продюсер
2001 ф Тененбаумдар отбасы (ағыл.) The Royal Tenenbaumsрежиссёр, сценарийші, продюсер
2004 ф Стив Зиссумен су астындағы өмір (ағыл.) The Life Aquatic with Steve Zissouрежиссёр, сценарийші, продюсер
2007 ф Дарджилинг Лимитед (ағыл.) The Darjeeling Limitedрежиссёр, сценарийші, продюсер
2009 мф Теңдессіз Фокс мырза Fantastic Mr. Foxрежиссёр, сценарийші, продюсер
2012 ф Толық ай патшалығы (ағыл.) Moonrise Kingdomрежиссёр, сценарийші, продюсер
2014 ф Гранд Будапешт қонақ үйі The Grand Budapest Hotelрежиссёр, сценарийші, продюсер
2018 мф Иттер аралы (ағыл.) Isle of Dogsрежиссёр, сценарийші, продюсер
2021 ф Француз хабаршысы (ағыл.) The French Dispatchрежиссёр, сценарийші, продюсер
2023 ф Астероидтар қаласы (ағыл.) Asteroid Cityрежиссёр, сценарийші, продюсер
2024 ф Генри Шугардың ғажайып хикаясы (ағыл.) The Wonderful Story of Henry Sugar and Three Moreрежиссёр, сценарийші, продюсер
2025 ф Финикиялық жоспар (ағыл.) The Phoenician Schemeрежиссёр, сценарийші, продюсер
Жоғары