Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Уәлиде сұлтан (осман: والده سلطان‎ «сұлтанның анасы») — Осман империясы сұлтанының анасына берілетін ресми атақ. XVI ғасырдан бастап қолданылған.

Уәлиде сұлтан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(наурыз 2026)
Топқапы сарайындағы Уәлиде сұлтан үйінің қалпына келтірілген бір бөлмесі

Уәлиде сұлтан (осман: والده سلطان «сұлтанның анасы») — Осман империясы сұлтанының анасына берілетін ресми атақ. XVI ғасырдан бастап қолданылған.

Бұл атақтың алғашқы иесі І Сүлеймен сұлтанның анасы Хафса сұлтан еді.

Әйелдер сұлтандығы өкілдері арасында бұл атақты алғаш болып ІІІ Мұрат сұлтанның анасы Нұрбану сұлтан иеленді . Селжүк дәстүрі бойынша, «уәлиде сұлтан» атағы енгізілгенге дейін сұлтанның аналары «қатын» атағын көтеріп жүрді.

Осман империясының тарихында жалпы 36 сұлтан мен бір халифа болған, бірақ ұлының билігін көрген жиырма үш сұлтан анасының есімі тарихқа белгілі . Екі ұлының билігін көрген екі сұлтан анасы болды: Көсем сұлтан (ұлдары — IV Мұрат пен І Ибраһим) мен Еметулла Рәбия Гүлніс сұлтандар (ұлдары — ІІ Мұстафа мен ІІІ Ахмет) екі мәрте "уәлиде сұлтан" атанған . Бір рет уәлиде сұлтанның міндетін сұлтанның туған анасы емес, өгей шешесі Бірісті қатын атқарған.


Сұлтан аналарының саяси ықпалы XVI-XVII ғасырларда, яғни Әйелдер сұлтандығы кезеңінде ең күшті еді. Ең беделді уәлиде сұлтандар қатарында Нұрбану сұлтан (III Мұраттың анасы), Сафие сұлтан (III Мехмедтің анасы), Көсем сұлтан (IV Мұрат пен I Ибраһимнің анасы) және Турхан сұлтан (IV Мехмедтің анасы) болды.

Жоғары