Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Фарид ад-дин Мұхаммед б. Ибраһим ан-Нишабури Аттар (1145, Нишапур қаласына таяу Қадқан ауылы - 1221, Нишапур) - парсының белгілі мистик ақыны.

Фарид ад-дин Аттар

  • Басты бет
  • Фарид ад-дин Аттар

Фарид ад-дин Мұхаммед б. Ибраһим ан-Нишабури Аттар (1145, Нишапур қаласына таяу Қадқан ауылы - 1221, Нишапур) - парсының белгілі мистик ақыны.

Нақұрыс бейшараны құтқарады

Аттар әкесінің жолын қуып, дәрігерлік және емшілік істерімен айналысты. Оның білімі туралы мәлімет жоқ, бірақ, шафиит кұқығынан толық хабардар болған. Мистицизм идеясымен бала кезінен танысқан. Аттар сопы болған, ол қартайған шағына дейін өзінің дүкенінде еңбек етіп, бұл тіршілікті ақындық шығармашылықпен бірге жүргізді. Тұрақты дэстүр бойынша Аттар Нишапур қаласында монғолдың Иранға шапқыншылығы кезінде қайтыс болды.

Аттардың шығармалары оның білімдар, аса талантты әңгімешіл екенін аңғартады. «Қасиетті қарттардың» өмірінен алынған әңгімелері мен поэмалары «Таэкират әл-әулие» атты очерктеріне енген. Бұл очерктерде сонымен қатар Аттардың сопылармен өткізген әңгімелерінің мазмұны берілген. Оның шығармаларының кейбір үзінділері бүкіл мұсылман еліне тарады. Аттар өлгеннен кейін жүздеген жылдар өтсе де көптеген ұлттың ақындары оның өлеңдеріне қайта оралды. Аттардың Мантик ат-Тайр, Илаһинаме және Мусибатнаме атты поэмалары сопылық әдебиетінің үлгілері болды. Аттар дәстүрлі 66 шығарманың авторы, оның ішінде 12 шығарма зерттеу тақырыбына жазылған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Қазақстан тарихы

  • Сәуір 10, 2026

    Тамақ дайындау тәсілдері

  • Наурыз 12, 2026

    Бауыржан Момышұлы

  • Сәуір 05, 2026

    Шағатай ұлысы

  • Сәуір 02, 2026

    Қара сөз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары