| Феликс Клейн | |
| Felix Christian Klein | |
| |
| Туған күні | 25 сәуір 1849 |
|---|---|
| Туған жері | Дюссельдорф |
| Қайтыс болған күні | 22 маусым 1925 (76 жас) |
| Қайтыс болған жері | Геттинген |
| Азаматтығы | Германия Одағы |
| Ғылыми аясы | геометрия, анализ |
| Альма-матер | Бонн университеті |
| Ғылыми жетекші | Юлиус Плюккер |
| Марапаттары |
|
Феликс Клейн Ортаққорда | |
Феликс Христиан Клейн (нем. Felix Christian Klein; 1849—1925) - неміс математигі, Берлиндегі Германия Ғалымдар академиясының корреспондент мүшесі (1913). 1872 жылдан Эрланген университетінің, 1875 жылдан Мюнхен Жоғары техникалық мектебінің, ал 1880 жылдан Лейпциг университетінің профессоры. Негізгі еңбектері евклидтік емес геометрияларға, үздіксіз топтар теориясына, алгебралық теңдеулер теориясына, эллипстік және автоморфты функциялар теориясына арналған. Өзінің геометриялық идеяларын «Геометриядағы жаңа зерттеулерді салыстыра отырып шолу» (1872) атты еңбегінде баяндаған. «Математише аннален» («Mathemattische Annalen») журналының 40 жылдай бас редакторы болған.
Қолданылған әдебиет
- Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 468 бет
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 25 сәуірде туғандар
- 1849 жылы туғандар
- 22 маусымда қайтыс болғандар
- 1925 жылы қайтыс болғандар
- Математиктер
- Германия математиктері
