Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Француз Гвианасы (фр. Guyane Française), ресми атауы Гвиана (фр. Guyane) — Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Франция территориясы.

Француз Гвианасы

  • Басты бет
  • Француз Гвианасы

Француз Гвианасы (фр. Guyane Française), ресми атауы Гвиана (фр. Guyane) — Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Франция территориясы.

Француз Гвианасы физикалық картасы

Сипаттамасы

Жер аумағы 91 мың км². Халқы 157 мың (креолдар, зәңгілер, үндістер) (1997). Әкімшілік орталығы — Кайенна (41 мың). Ресми тілі — француз тілі. Тұрғындары, негізінен, католиктер. Францияның мемл. атқару органы — префектура мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары (Бас кеңес пен аймақтық кеңес) билік жүргізеді. Жері, негізінен, таулы-қыратты. Қойнауы кен байлықтарына бай. Климаты субэкваторлық, ыстық. Жыл бойғы орт. температура 28° – 29°С. Орташа жауын-шашын мөлш. 3000 мм. Терр-н түгелдей мәңгі жасыл ормандар мен саванна өсімдіктері алып жатыр.

Тарихы

Елдің ежелгі тұрғындары — үндістер. 1499 ж. еуропалықтардан бірінші болып испандықтар келді. 17 — 18 ғ-ларда бұл өңір үшін Франция, Португалия, Англия, Голландия мемлекеттері өзара таласты. 1817 жылдан бастап қана Гаусс толығымен Францияның отарына айналды. Француз үкіметі бұл аймаққа саяси тұтқындарды жер аударып отырды. 1946 ж. Г-ға мұхиттың арғы жағындағы департамент, 1975 жылдан бастап арнайы аймақ мәртебесі берілді. Гаусс — экономикасы нашар дамыған аграрлы ел, қаржы жағынан француз үкіметіне тәуелді. Тұрғындары а.ш-на қоса қымбат бағалы ағаштарды дайындаумен де айналысады. Пайдалы қазбаларға (алтын, боксит, т.б.) бай болғанымен, оларды өндіру кең көлемде жолға қойылмаған. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Германия, Италия, Нидерланд, Жапония, АҚШ.

  Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 12, 2026

    Abai TV

  • Сәуір 09, 2026

    Иван ІV

  • Сәуір 05, 2026

    Тіл білімі

  • Сәуір 04, 2026

    Ғағауыз тілі

  • Сәуір 08, 2026

    Юкатан түбегі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары