| Фран Гарсия | |||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 14 тамыз 1999 (27 жас) | ||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 169 | ||||||||||||||||||||||||
| Позиция | қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
| Клуб | |||||||||||||||||||||||||
| Номері | 20 | ||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
Франсиско Хосе Гарсия Торрес (ис. Francisco José García Torres; 14 тамыз 1999), қысқаша Фран Гарсия (ис. Fran García) — испаниялық футболшы, "Реал Мадрид" клубының қорғаушысы.
Мансабы
Реал Мадрид
Сьюдад-Реал, Кастилия — Ла-Манча аймағындағы Боланьос-де-Калатравада дүниеге келген Гарсия 2013 жылы туған жерінің Болањос клубынан Реал Мадридтің жастар академиясына (La Fábrica) қосылды. 2018 жылы 1 ақпанда, әлі жасөспірім болып жүріп, 2022 жылға дейін жаңа келісімшартқа қол қойды.
2018–19 маусымы алдында резервтік командаға көтерілген Гарсия 9 қыркүйекте өзінің ересектер арасындағы дебютін өткізді. Ол Segunda División B лигасында AD Unión Adarve клубына қарсы 0:0 есебімен аяқталған сырт алаңдағы ойында соңғы 25 минут ойнады.
6 желтоқсанда Гарсия бірінші командада алғаш рет алаңға шықты – ол Испания Кубогы аясында Мелилья клубымен өткен матчтың екінші таймында Даниэль Карвахальдің орнына ауысып, ойынға қосылды. Реал Мадрид бұл ойында 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Гарсия 2019 жылдың 15 желтоқсанында өзінің алғашқы кәсіби голын соқты – ол Хетафе B командасына қарсы 3:0 есебімен аяқталған ойында командасының екінші добын енгізді.
Райо Вальекано
2020 жылы 1 қыркүйекте Гарсия 2020–21 маусымына Сегунда Дивизиондағы Райо Вальекано клубына жалға берілді. 13 күннен кейін, Мальорка клубына қарсы сырт алаңдағы 1:0 есебімен аяқталған ойында негізгі құрамда шығып, кәсіби дебют жасады.
Гарсия Андони Ираоланың командасында бірден негізгі ойыншыға айналды, бірақ қараша айында тізесінен жарақат алды. Бастапқыда ол маусымның қалған бөлігін өткізіп алады деп күтілгенімен, 20 күннен кейін қайта алаңға шықты.
2021 жылы 13 шілдеде Райо Вальекано коубына Ла Лигаға көтерілуіне көмектескеннен кейін, Гарсия клубпен төрт жылдық келісімшартқа қол қойып, командаға тұрақты түрде қосылды.
Гарсия 15 тамызда Ла Лигадағы дебютін өткізді – бұл күні Севильямен болған 3:0 есебімен аяқталған сырт алаңдағы ойында негізгі құрамда шықты.
2022–23 маусымында, оның ерекше ойыны көптеген клубтардың, соның ішінде Реал Мадридтің назарын аудартты.
Реал Мадрид клубына оралу
2023 жылы 9 маусымда Реал Мадрид Гарсияны қайта қатарға қосқанын жариялады, €5 млн көлеміндегі кері сатып алу шартын іске қосып, онымен 2027 жылдың маусымына дейін келісімшарт жасасты.
2023 жылы 12 тамызда ол қайта оралғаннан кейін алғаш рет алаңға шығып, Ла Лигадағы Атлетик Бильбаомен болған 2:0 есебімен аяқталған матчтың барлық 90 минутын ойнады.
17 қыркүйекте Гарсия Реал Сосьедад клубына қарсы Ла Лига матчында екі нәтижелі пас беріп, командасының 2:1 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Осы керемет ойынының арқасында матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
20 қыркүйекте Гарсия УЕФА Чемпиондар Лигасындағы дебютін өткізді – топтық кезеңдегі Унион Берлинге қарсы ойында Начоның орнына алаңға шықты.
Ұлттық құрама
2023 жылы 12 маусымда Гарсия алғаш рет Испания ұлттық құрамасына шақырту алды. Ол 2023 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының финалдық кезеңінде жарақат алған Хуан Бернаттың орнын алмастырды, бірақ екі ойында да алаңға шыққан жоқ.
2023 жылы 12 қазанда Гарсия Испания құрамасы сапындағы дебютін жасады. Ол ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіндегі Шотландияға қарсы матчта ойнап, сол ойында Испания 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
Командалық
Реал Мадрид
- Испания чемпионы: 2023/24
- Испания суперкубогы: 2023/24
- УЕФА Чемпиондар лигасы: 2023/24
- ФИФА құрлықаралық кубогы: 2024
- УЕФА Суперкубогы: 2024
Халықаралық
- УЕФА Ұлттар лигасы: 2022/23
- 14 тамызда туғандар
- 1999 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Испания футболшылары
- Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Райо Вальекано ФК ойыншылары
- Реал Мадрид ФК ойыншылары