Функциялар теориясы - функцияның жалпыланған қасиеттерін зертейтін математикалық талдаудың бір саласы. Әдетте функциялар теориясы деп нақты айнымалды функциялар теориясын айтады. Бұл теория негізгі үш бағытта қалыптасқан: 1) функциялардың дескриптивті теориясы; 2) функциялардың конструктивтік теориясы; 3) функциялардың метрикалық теориясы. Функциялардың метрикалық теориясы жиындардың өлшемі, өлшемді функция, жинақтылық т.с.с ұғымдарды зерттейді және интеграл ұғымының әр түрлі жалпылануларын қарастырады.
Санат:
- Математика