Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Иснад - Сахих - Хасан - Муснад - Муттасыл - Даиф - Муғалләқ - Мурсал - Муғдал - Мунқати - Мункар - Шазз - Мудтариб - Мауду - Мутауатир - Ахад - Мәшһүр - Әзиз -

Хадис санаттары

  • Басты бет
  • Хадис санаттары
Толық мақаласы: Хадис ғылымы
Хадис
Хадис
(حديث)

Islamic text

Тарихы

Пайғамбарлық заманы - Пайғамбарлық заманынан кейін

Категориялары

Сахих - Хасан - Даиф - Мауду -

Терминология

Иснад - Сахих - Хасан - Муснад - Муттасыл - Даиф - Муғалләқ - Мурсал - Муғдал - Мунқати - Мункар - Шазз - Мудтариб - Мауду - Мутауатир - Ахад - Мәшһүр - Әзиз - Ғариб - Марфуғ - Мауқуф - Мақтуғ - Исраилият

Жинақтар
Сунни
Кутуб әс-Ситта - ( Алты кітап )

Сахих әл-Бұхари ( صحيح البخاري )
Сахих Муслим ( صحيح مسلم )
әс-Сунан әс-Суғра ( السنن الصغرى )
Сунан Әбу Дәуд ( سنن أبي داود )
Сунан әт-Тирмизи ( جامع الترمذي )
Сунан Ибн Маджаһ ( سُنن ابن ماجه )

Басқа

Муатта имам Малик - Муснад имам Ахмад (780–855) - Сунан әд-Дарими (868) - Шамаил Мухаммадия көбінесе Шамаил Тирмизи (9 ғ:) - Сахих Ибн Хузәйма (923) - Сахих Ибн Хиббан (965) - әл-Мустадрак алә әс-сахихайн (1014) - Маудуғат әл-Кубра (1128–1217) - Рияд әс-Салихин (1233–1278) - Мишкат әл-Масабих (1340) - Тәлхис әл-Мустадрак (1274–1348) - Маджма әз-Зәуәид (1335–1405) - Булуғ әл-Марам (1372–1449) -

Шиға
Кутуб әл-Арбаға - ( Төрт кітап )

Китаб әл-Кафи ( الكتاب الكافي )
Мән лә йахдуруһу әл-фақиһ ( من لا يحضره الفقيه )
Тәһзиб әл-Кәмәл ( تهذیب الاحکام )
Әл-Истибсар ( الاستبصار )

Ибади

Әл-Джамиғ әс-Сахих - Тәртиб әл-Муснад

Мутазила

Шарх Нәдж әл-Баләға (?–1258)

Басқа мақалалар

Хадис ғылымы - Өмірбаяндарды бағалау - Әһл әл-Хадис -

◈ ◈

Хадис ғалымдары (мухаддистер) сенуге лайықты, әлсіз немесе өтірік хадистерді айыру үшін оларға арнайы атулар қойып, оларды санаттаған.

Мазмұны

Сахих хадис

Толық мақаласы: Сахих хадис

Сахих хадис (араб.: حديث صحيح‎ — үздіксіз иснады бар, тізбектегі риуаятшылардың барлығы сенуге лайықтығы, дәлдікпен ерекшеленгендігі себепті иснадында «шаз» (араб.: شاذ‎, ауытқу) немесе «иллә» (араб.: علّة‎, кемшілік жоқ) хадис. Сахих хадистің терісі — даиф хадис (әлсіз хадис).

Үздіксіз иснады бар деп иснад тізбегіндегі барлық жеткізушілер осы хадисті бір-бірінен естуі, араларында үзік немесе белгісіз адамның болмауын атайды. Ал хадис жеткізушінің сенімділігі үшін ол мұсылман болу керек, күналардан сақтанған тақуа болуы керек. Хадис берудегі дәлдік деп хадис жеткізушінің есте сақтау қабілетін айтады.

Хасан хадис

Толық мақаласы: Хасан хадис

Хасан хадис (араб.: حديث حسن‎, жақсы хадис) деп иснады сахих хадис сияқты үздіксіз, яғни арасында белгісіз адам жоқ, барлық жеткізушілер (рауи) хадисті бір-бірінен алған және сенуге лайықты, тақуа, жаттау қабілеті жақсы мұсылмандар жеткізген хадис. Бірақ хасан хадистің дәлелінің күші сахих хадистен төмен. Хадистердің бұл категорияға жатқызылу себебі хадис ғылымының кітаптарында тереңірек зерттеледі.

Даиф хадис

Толық мақаласы: Даиф хадис

Даиф хадис (араб.: حديث ضعيف‎, әлсіз хадис) дегеніміз сахих немесе хасан деңгейіне жете алмаған хадис. Яғни оның иснадында белгісіз адамдар (маджһул) бар немесе хадистің мәтінінде қарама қайшылықтар бар (шаз). Бұдан басқа себептер де бар. Даиф хадис Исламда дәлел саналмайды, әрі негізінде оған сәйкес амал етуге болмайды. Бірақ ғалымдар даиф хадиске амал ету шарттарын атап кеткен:

  1. Ол хадис қатты әлсіз болмауы керек.
  2. Ол хадис Ислам дінінде негізі бар затқа қатысты болу керек.
  3. Адам бұл хадиске оның сенімділігі үшін емес, тек сақтану үшін ғана амал етеді.

Мауду′ хадис

Толық мақаласы: Мауду хадис

Мауду хадис (араб.: حديث موضوع‎, «қойылған», өтірік хадис) деп Мұхаммед пайғамбарға ﷺ қастандықпен айтылған өтірік хадисті немесе оған ешбір негізсіз телінетін хадисті айтады. Ғалымдардың ижмағы (бірауызды пікірі) бойынша бұндай хадистерді таратуға, оған амал етуге болмайды, тек оны басқаларға айтқанда өтірік екенін білдіру үшін болса рұқсат етілген. Имам Муслим жеткізген хадисте Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:

« Менің атымнан өтірік деп есептеуге негіз бар хабарды жеткізген адам екі өтірікшінің бірі болады (бірінші өтірікші сол хадисті ойлап тапқан адам). »

Тағы қараңыз

  • Хадис
  • Хадис ғылымы
  • Хадис терминологиясы
  Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 10, 2026

    Жастар театры (Астана)

  • Сәуір 28, 2026

    Әт-Тариқ сүресі

  • Наурыз 11, 2026

    Түркістан (қала)

  • Наурыз 14, 2026

    Бұқар жырау Қалқаманұлы

  • Сәуір 16, 2026

    Әуелбек Қоңыратбаев

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары