Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Халифа Ғакибұлы Алтай (18 желтоқсан, 1917 жыл, Шығыс Түркістан – 15 тамыз 2003 жыл) — қазақ дін және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркіт

Халифа Алтай

  • Басты бет
  • Халифа Алтай

Халифа Ғакибұлы Алтай (18 желтоқсан, 1917 жыл, Шығыс Түркістан – 15 тамыз 2003 жыл) — қазақ дін және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркітанушы, антрополог. Орта жүз Абақ Керей ішінде Жәнтекей руынан шыққан, ауыл молдасынан сауат ашқан.

  • 1933 – 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.
  • 1940 ж. Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.
  • Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған.
  • 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды.
  • 1953 – 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. 8 жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды.
  • 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді.
  • Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген.
  • 1995 – 2000 ж. Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді.
  • Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды.
Халифа Алтай
Халифа Ғакибұлы Алтай
Туған күні

18 желтоқсан 1917 (1917-12-18)

Туған жері

Жарынды көлінің бойында, Шіңгіл (аудан), Алтай аймағы, Іле Қазақ автономиялық облысы (Шығыс Түркістан), Қытай

Қайтыс болған күні

15 тамыз 2003 (2003-08-15) (85 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Азаматтығы

 Қытай
 Түркия
 Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Қызметі

Ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркітанушы, антрополог дін және қоғам қайраткері

Әкесі

Ғақып Қаракелеңұлы

Жұбайы

Бірінші әйелі Үндістанда көз жұмған.
Екінші әйелі – Бибәтіш Алтай Жүнісқызы.

Балалары

Ұлдары: Абдулсаттар, Абдулсамет, Абдуррахим, Аднан
Қыздар: Шакира, Шекүре, Мешкүре, Айсен

Ортаққордағы Халифа Алтай

Шығармалары

  • 1995 ж. “Сияр нәби” атты кітабы жарық көрді.
  • «Қазақ түріктерінің шежіресі»
  • «Естеліктерім»
  • «Ата жұрттан Анадолияға дейін»
  • «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген.
  • 1991 ж. Алтай Халифа аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды.
  • «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы.
  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Тағы қараңыз

  • Алтай Халифа аударған Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі
  • Қазақ Құран аудармасы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Жаңа Зеландия

  • Наурыз 11, 2026

    Қарахан мемлекеті

  • Сәуір 12, 2026

    Орал-Алтай тілдері

  • Сәуір 13, 2026

    Алтай Республикасы

  • Наурыз 10, 2026

    Сұлтанмахмұт Торайғыров

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары