| Хальмахера индон. Pulau Halmahera | |
![]() | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 17 780 км² |
| Ең биік нүктесі | 1635 м |
| Тұрғындар (1995 жыл) | 162 728 адам |
| Халық тығыздығы | 9,152 адам/км² |
| Орналасуы | |
| 0°36′00″ с. е. 127°52′00″ ш. б. / 0.60000° с. е. 127.86667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 0°36′00″ с. е. 127°52′00″ ш. б. / 0.60000° с. е. 127.86667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Архипелаг | Малай архипелагы |
| Акватория | Тынық мұхит |
| Ел | |
| Аймақ | Солтүстік Малуку |
Хальмахера (Halmahera), Джайлоло (Djaіlolo) — Молукк топаралындағы ең ірі арал. Индонезия құрамында. Ауданы 18 мың шаршы километр. Арал орталық бөлігінен жан-жағына қарай 4 түбекке тілімделген. Жер бедері жанартаулық, шыңдары тегістелген аласа таулардан қалыптасқан. Ең биік жері 1635 метр (әрекетті Гамкуноро жанартауы). Климаты экваторлық, ылғалды. Теңіз жағалауындағы айлық орташа температура 25 — 28С. Жылдық жауын-шашын мөлшелері 2000 — 3000 милиметр. Мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Тропиктік егін шаруашылық, кокос пальмасының плантациясы өсіріледі; дәмдеуіштік өсімдіктер мен бағалы ағаш түрлерін экспортқа шығарады. Негізгі порты — Джайлоло қаласы.
- Алфавит бойынша аралдар
- Солтүстік Малуку
- Малуку аралдары
