Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ховд аймағы (моңғ. Ховд аймаг) — Моңғолияның 21 аймағының бірі, батыста орналасқан. 1931 ж. құрылған. Орталығы — Ховд қаласы. Ел астанасы - Ұланбатырдан 1,580 к

Ховда аймағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Ховд аймағы
-{Ховд аймаг}-
Ховд аймағы БайрағыХовд аймағы Үлкен мөрі
Карта
Карта
Құрылу1931
ЕлордасыХовд
Аумағы76,100 км²
Жұрты
  Барлығы (2005)
  Жұрт тығыздығы

91,687
1.2/км²
Телефон белгілемесі+976 (0)143
Автомобилдік нөмірлерХОА ХОҮ ХОЕ
ISO 3166-2MN-043
Веб сайт www.hovd.gov.mn/

Ховд аймағы (моңғ. Ховд аймаг) — Моңғолияның 21 аймағының бірі, батыста орналасқан. 1931 ж. құрылған. Орталығы — Ховд қаласы. Ел астанасы - Ұланбатырдан 1,580 км қашықтықта орналасқан. Аймақ 16 ауданнан тұрады.

Географиясы

Ховд аймағы Моңғол Алтай тауында орналасқан , мұнда Мөнххайрхан, Хөхсэрх , Баатар хайрхан, Мянган Угалзат сияқты биік таулар кездеседі. Аймақ териториясының 20-дай % шөлейт жерлерден тұрады. Ховд, Буянт, Булган, Чонохарайх, Цэнхэр сияқты үлкен өзендер Хар-Ус нуур, Хар, Дөргөн сияқты үлкен көлдер кездеседі. Ховд аймағында вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар.

Аймақтың халқы

Ховда аймағының халық құрамы 2000 жылғы санақ бойынша
Үлгі:Ұлт | Ұлт Үлгі:Үлесі | үлесі
Халх моңғол24.7%
Захчин24.9%
Қазақ11.5%
Торгууд8.1%
Урианхай7.6%
Өөлд7.5%
Дөрвөд6.0%
Мянгад4.9%
Басқалар2.0%

Ховд аймағында Моңғолия бойынша ең көп ұлттар және этностар тұратын аймақ. Бұл ұлттар өз мәдениеттерін, ән-күй, салт-дәстүрлерін сақтап қалған. Адамдар өз ана тілімен бірге мемелекетік тіл моңғол тілінде сөйлейді. Ховд аймағында Қазақтар және Қазақ тілді Орта мектеп бар. Ховд аймағы Моңғолиядағы қазақтардың Баян-Өлгий аймағынан кейін ең көп шоғырланғын жері болып саналады.

Аймақтың экономикасы

Аймақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы және егін егу. Ховд аймағында вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар. 2004 жылғы санақ бойынша аймақта 17.884.372 бас мал болған. Өткен жылы аймақ териториясында 200 мың га жерге егін егіп, 12.920,8 тонна өнім алған. Олардың 702,6 т — бидай, 4945,7 т — көкөніс , 5806,9 т — картоп, 1459,5 т — жем шөп, мал азығы, 6,1 т — май дақылы болғын. 1995 жылы Батыс Моңғолия элеторжелісінің "Хандагайты-Улангом" бөлігі болатын Ресейдің Сібір БЭЖ-не қосылған. Кәзіргі таңда аймақта қуаты 12 МВт болатын Дөргөн СЭС жұмыстап жатыр. Көршілес Говь Алтай аймағында Тайшир СЭС салынып жатыр бұл келешекте Ресейден деген энергия тәуелділікті жояды. Аймақта тамақтану комбинаты, шикізат өңдеу цехтары жұмыстауда. Ховд қаласында жылында 10-15 мың тонна цемент өндіретін өндіріс орыны бар. Ховд қаласында батыс Моңғолиядағы ең үлкен харықаралық әуежай бар. Аймақ көлемінде ұялы байланыстын GSM стандартына сай Mobicom, G-mobil CDMA стандартына сай Unitel, Skytel операторлары бар.

Әкімшілік аудандық бөлінісі

Жоғары