Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Хорхе Луис Бурручага (ис. Jorge Luis Burruchaga) — аргентиналық футболшы, Аргентина құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.

Хорхе Бурручага

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хорхе Бурручага Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Хорхе Луис Бурручага

Туған күні

9 қазан 1962 (1962-10-09)(63 жас)

Туған жері

Энтре-Риос, Аргентина

Азаматтығы

 Аргентина

Бойы

180

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

клубсыз

Хорхе Луис Бурручага (ис. Jorge Luis Burruchaga) — аргентиналық футболшы, Аргентина құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.

Әлем чемпионаттарында

1986 жылғы әлем чемпионы. 1986 жылғы әлем чемпионатының топтық турнирінде Болгарияның қақпасына бір гол соқты. Финалында ГФР қақпасына шешуші, үшінші голды енгізді. Бұл ойында Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетті.

1990 жылғы әлем чемпионатына да қатысып, топтық турнирде КСРО құрамасының қақпасына екінші голды соқты. Бұл кездесу 2:0 есебімен Аргентинаның пайдасына шешілді. Осы чемпионаттың финалында да ойнады, бірақ гол соға алмай, 53 минутта алмастырылды.

Ұлттық құрама сапында 1983-90 жылдары ойнап, 57 кездесу де 13 доп соқты.

Клубтары

1982—1985 Аргентина Индепендьенте 146 (53)
1985—1992 Франция Нант 140 (27)
1992—1993 Франция Валансьен 32 (10)
1995—1998 Аргентина Индепендьенте 89 (19)

Бапкерлік карьерасы

2002—2005 Аргентина Арсенал (Саранди)
2005—2006 Аргентина Эстудиантес
2006—2007 Аргентина Индепендьенте
2008—2009 Аргентина Банфилд
2009—2010 Аргентина Арсенал (Саранди)
2011—2012 Парагвай Либертад
2012—2014 Аргентина Атлетико Рафаэла
2015—2016 Аргентина Атлетико Рафаэла

Жетістіктері

  • Аргентина чемпионы (1): 1983 (Метрополитано)
  • Либертадорес (1): 1984
  • Либертадорес суперкубогы (1): 1995
  • Рекопа кубогы (1): 1995
  • Континентаралық кубок (1): 1984
  • Әлем чемпионы (1): 1986
  • Әлем чемпионатының финалисі (1): 1990

Сілтемелер

Жоғары