Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Хуэй (хуэйцзу, қыт. 回族, пиньинь: huízú, сөзбе-сөз: «хуэй этносы»; қазақша: дүнгендер) — Қытай Халық Республикасының 56 ресми мойындалған ұлттық азшылығы. Хуэйле

Хуэй халқы

  • Басты бет
  • Хуэй халқы

Хуэй (хуэйцзу, қыт. 回族, пиньинь: huízú, сөзбе-сөз: «хуэй этносы»; қазақша: дүнгендер) — Қытай Халық Республикасының 56 ресми мойындалған ұлттық азшылығы. Хуэйлер негізінен Нинся-Хуэй автономиялық ауданында тұрады. Хэнань, Шыңжаң, Цинхай, Юньнань, Хэбэй, Шаньдун, Аньхой және басқа провинциялар мен автономиялық аудандарда хуэй халқының тығыз қоныстанған аудандары бар. Жалпы халық саны 10 586 087 адам (2010).

Хуэй
лаохуэйхуэй, хуэйцзу, хуэйминь
Бүкіл халықтың саны

10 586 087

Ең көп таралған аймақтар

 Қытай

Тілдері

қытай тілі

Діні

суннизм

Мазмұны

Тілі

Олар қытай тілінің әртүрлі диалектілерінде сөйлейді, қытай иероглифтік жазуын қолданады.

 
Хуэй мешіттері әдетте дәстүрлі қытай сәулет өнері стилінде салынған.

Діні

Діні бойынша Xуэйлар – сүнниттік мұсылмандар. Хуэйлер Қытайдағы барлық мұсылмандардың 45 пайызын құрайды. Олар көптеген ғасырлар бойы Исламды (ханафи ағымында) ұстанады және ислам мәдени мұрасының тасымалдаушылары болып табылады.

Тарихы

Олардың ата-бабалары 13-ғасырда моңғол халқының үш жорығынан кейін шығыс Қытайға қоныс аударған хуэйхуй халқы, ал мұсылмандар Тан (618 - 907 жж.) және Сун династиясы (960 - 1276) кезінде оңтүстік-шығыс Қытайдың жағалау аймақтарында қоныс аударған. Өз тарихында көптеген басқа ұлттармен үздіксіз араласуы (мысалы, аралас неке) арқылы Хуэй халқы ханзу, моңғол және ұйғыр халықтарының әдет-ғұрыптары мен өмір салтын бірте-бірте қабылдап, өздерінің хуэйхуэй ұлтын құрады.

Кәсібі

Негізгі кәсіптері — суармалы егіншілік. Күріш, арпа, бидай, жүгері, бау-бақша егеді. Сондай-ақ мал шаруашылығымен, көлік тасымалымен, қолөнер өндірісімен, саудамен айналысады. Олар шаруашылықты басқара білуімен танымал, дәстүрлі қызмет түрлерінің қатарында інжу-маржан мен асыл тастарды өңдеу, мал сою, өңдеу өнеркәсібі бар.

Кейбір топтар жылқы, ірі қара, құс өсіреді. Хуэйдің дәстүрлі кәсібі көлік және сауда, соның ішінде делдал болды. Қолөнердің ең дамыған түрлері – былғары бұйымдарын жасау, зергерлік бұйымдар жасау, сүйекке ою, тоқу, кесте тігу.

Тұрмыс салты

Отбасы шағын, бұрын үлкен болған, патриархалдық. Әйелдер айтарлықтай жоғары орынға ие. Көшедегі ертегішілер музыкалық аспаптардың (скрипка, бубен, зурна, т.б.) сүйемелдеуімен эпикалық поэмаларды орындап, танымал болды.

 
Жеміс-жидек өнімдерін жинау

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Кірпіш пен каркастан қалап, сабан қосылған балшықпен сыланған үйлерде тұрады. Бөлмені жылытатын жатаған кең пеш (кан) салады, аласа үстелде тамақтанады.

Дәстүрлі киімдері

Ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдерінің үлгісі ұқсас келеді. Желбегей киетін кеудеше, кең балақ шалбар, матамен қапталған аяқ киім киеді. Әйелдер киімі кестемен әшекейленеді. Бас киімдер: ерлерге ақ қалпақ, жас әйелдерге жасыл, үлкен әйелдерге ақ орамал.

Дәстүрлі тағамдары

Ұлттық тағамдары: ет араластырып майға қуырған ұн, көкөністер. Сүйікті тағамдары — дүнген кеспесі мен палау. Алдымен шай ішіп, соңынан сұйық тамақ ішеді. Тағамдарын таяқшамен жейді және бұрыш, сарымсақ, сірке қышқылын көп пайдаланады.

Тағы қараңыз

  • Қытайлар
  • Уцул халқы
  • Елдер бойынша ислам
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Вашингтон (айрық)

  • Сәуір 07, 2026

    Еділ бұлғарлары

  • Сәуір 03, 2026

    Қостанай губерниясы

  • Сәуір 04, 2026

    Теңіз-Қорғалжын ойысы

  • Сәуір 08, 2026

    Жетісу губерниясы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары