Цельсий градусы (швед астрономы және физигі А. Цельсийдің (1701–1744) есімінен) — халықаралық іс-тәжірибелік температура бағанасы бойынша қабылданған температура бірлігі. Шартты белгілеуі — °С. Бұл шкалада 0 °С ретінде мұздың еру температурасы, ал 100 °С ретінде қалыпты қысымдағы судың қайнау температурасы алынған. Цельсий шкаласының бір градусы (1°С) мұздың еру нүктесімен судың қайнау нүктесі аралығында температуралық интервалының 1/100 бөлігіне тең. Цельсий бойыншы температураны t нысанымен белгілейді.
