Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұзындығы 270 км, ені 150 км. Климат ылғалдылығы жоғары кезінде (бұдан 5 — 6 мың жыл бұрын) көл ауданы 400 мың км²-ге жеткен, қазіргі ауданы 10 мың км²-ден (маус

Чад көлі

  • Басты бет
  • Чад көлі

ЧАД (Chad) — Орталық Африкадағы тұйық көл. Нигерия, Нигер, Чад, Камерун жерінде.

Мазмұны

Географиясы

Ұзындығы 270 км, ені 150 км. Климат ылғалдылығы жоғары кезінде (бұдан 5 — 6 мың жыл бұрын) көл ауданы 400 мың км²-ге жеткен, қазіргі ауданы 10 мың км²-ден (маусым — шілдеде) 26 мың км²-ге дейін ауытқып отырады. Тереңдігі 4 — 11 м. Көл айдыны 240 м биіктіктегі жайпақ қазаншұңқырда орналасқан. Батыс және оңтүстік жағалауы жазық әрі батпақты; солтүстік-шығыс және шығыс жағасы күшті тілімденген, көптеген аралдары бар.

Бассейні

Көлге Шари және Комадугу-Йобе өзендері құяды. Өзендермен жалғасқан жерлерінің суы тұщы, қалған бөлігі тұзды. Чад көлінің суы жақын маңдағы ауданның грунт суын толықтырып, үнемі жаңарып тұрады.

Маңызы

Жануарлардан бегемот, қолтырауын, қаз, үйрек, көкқұтан, т.б. мекендейді. Балық ауланады. Шари және Комадугу-Йобе өзендері аралығында кеме қатынайды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Ультракүлгін сәуле

  • Наурыз 18, 2026

    Мұрат Мөңкеұлы

  • Сәуір 04, 2026

    Қарасу ауданы

  • Наурыз 11, 2026

    Қарақытай мемлекеті

  • Сәуір 06, 2026

    Аналитикалық философия

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары