| Чили дельфині | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Амандық күйі | ||||||||||||||
| Жойылу қаупіндегілер (IUCN) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Cephalorhynchus eutropia Джон Эдуард Грей, 1846 | ||||||||||||||
![]() |
Чили дельфині кіші кета тектестер тобына жатады. Оның ұзындығы - 1,7 метр, ал салмағы - 60 кг. Чили дельфинінің түсі - қарасұр, ал бауыры ақшыл болып келеді. Бұл дельфиннің ерінін, тамағын, басын және құйрығын аппақ дақтар басқан. Чили дельфинінің буаздық кезеңі 10-12 айға созылады. Өмір сүру ұзақтығы - 20 жыл. Чили дельфиндері таяз суларда және өзеннің қатты ағысы бар жерлерде тіршілік етеді.
Таралуы
Чили дельфиндерін Оңтүстік Америка, Чили, Валпарайсо, Наварино, Бигл каналдары, Кэйп Хорн және Аргентинадан кездестіруге болады. Олар топтасып тіршілік етеді. Бір үйірде кем дегенде 10- ға дейін дельфин болады. Ал үлкен үйірдегі дельфин саны 50- ге жетеді.
Қорегі
Чили дельфиндері шаянтәрізділермен және сардин, анчоус секілді балықтармен қоректенеді. Олар, сонымен қатар, теңіз балдырларын да жейді.
Мәліметтер
- Оңтүстік Америкадағы Чили дельфиндері кеме тоқтайтын жерлерден аулақ жүруге тырысады. Ал солтүстіктегі Чили дельфиндері, керісінше, кемелерге өте жақын жүзетіндігімен ерекшеленеді.
- Чили дельфиндері балықшылардың ауына түсіп қалады. Жыл сайын Магеллан бұғазының батыс айиағңында 1500- ге дейін дельфин ауланады екен.
- Жойылу қаупі төнген түрлер
- Дельфиндер
