| Шалғын көбелегі | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Loxostege sticticalis (Linnaeus, 1761) | ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
|
Шалғын көбелегі (Loxostege stіctіcalіs L.), қанкөбелек тұқымдасына жатады. Ол Қазақстанның батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында кең тараған. Қанаттарының өрісі 18 — 26 мм, алдыңғысы сұрғылт, қызыл қоңыр қара жолақты, ал артқы қанаттары қоңыр сұрғылт болып келеді. Топырақты паналап қыстап шығатын жұлдызқұрттары көп қоректі, көбінесе шырынды, жұмсақ жапырақты өсімдіктерге (қант қызылшасы, күнбағыс, [[бұршақ, жоңышқа, жүгері, картоп, көкөністер мен бақша өнімдері және жусан) көп зиян келтіреді. Ол көктемде қуыршақтанып, мамыр — маусым айларында көбелекке айналады. Шалғын көбелегінің өмірі 15 — 20 күнге созылады. Күресу шаралары: агротехникалық талаптарды қатаң сақтау және егістікті химиялық препараттармен өңдеу.
Сілтемелер
- Көбелек
- Жәндік
- Құмырсқа
- Қабыршақ қанаттылар
