Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шалқарнұра кемері – Торғай үстірті мен Ұлытау таулары аралығында, Торғай қолатының шығысын ала орналасқан аласа таулы кемерлер тізбегі.

Шалқарнұра кемері

  • Басты бет
  • Шалқарнұра кемері

Шалқарнұра кемері – Торғай үстірті мен Ұлытау таулары аралығында, Торғай қолатының шығысын ала орналасқан аласа таулы кемерлер тізбегі.

Шалқарнұра кемері
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі239 м
Солтүстіктен оңтүстікке
дейінгі қашықтық
25 км
Батыстан шығысқа
дейінгі қашықтық
70 км
Орналасуы
48°27′14″ с. е. 62°38′18″ ш. б. / 48.45389° с. е. 62.63833° ш. б. / 48.45389; 62.63833 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°27′14″ с. е. 62°38′18″ ш. б. / 48.45389° с. е. 62.63833° ш. б. / 48.45389; 62.63833 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқтөбе облысы
Шалқарнұра кемері
Шалқарнұра кемері (Ақтөбе облысы)
Шалқарнұра кемері

Мазмұны

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Шалқарнұра кемері солтүстіктен оңтүстіккке қарай, одан әрі батыстан шығысқа қарай доғаша иіліп 70 км-ге созылып жатыр. Енді жері 25 км. Ең биік жері орта тұсында (239 м). Сай-жыралармен, шағын шатқалдармен тілімденген бірнеше аласа шоқылар (Жаманай, 209 м, Жанайшоқы, 190 м) кездеседі.

Геологиялық құрылымы

Кемердің жер қыртысы архей және протерозойдың тақтатас, кварцит және олардың туфтарынан түзілген. Кейбір жерлерде эффузивті тау жыныстары кездеседі. Торғай даласына қарайтын кемерленген батыс, оңтүстік-батысы құмды саздақтардан түзілген.

Климаты, су жүйесі

Климаты тым континенттік. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –16 — 180С, шілденікі 20 — 220С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 мм-ге жуық. Солтүстігінің орта тұсында жазда кеуіп қалатын шағын келген Баймұрат өзені бастау алады. Құрғақ шөлейтті далаға ұласатын солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде бірнеше тұзды көлдер (Үлкенкөл, Кішікөл) орналасқан. Оңтүстігінде Шалқартеңіз соры жатыр. Батыс бөлігінен Торғай өзені ағып өтеді.

Өсімдігі

Бетеге, боз, селеу, жусан өскен. Мал жайылымына пайдаланылады. Тау етектері мен кемерлер табанында тұщы бұлақтар (Аққұдық, Балта, тағы басқа) мен қыстаулар (Қызтау, Айырбидайық, Берістен, тағы басқа) жайласқан.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Алматы округі

  • Сәуір 05, 2026

    Мұғалжар тауы

  • Наурыз 21, 2026

    Ядро

  • Наурыз 10, 2026

    Жүсіпбек Аймауытов

  • Сәуір 07, 2026

    Коми тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары