| Аудан | |
| Шевченко ауданы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | |
| Енеді | 3 а/к, 1 қала (1959) |
| Әкімшілік орталығы | Форт-Шевченко |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1939-1963 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 16 025 адам (1959) |
Шевченко ауданы — Қазақ КСР-нің Гурьев облысында 1939-1963 жылдары болған аудан. Орталығы — Форт-Шевченко қаласы.
Тарихы
Шевченко ауданы 1939 жылы 16 қазанда құрылды. Құрамына Маңғыстау ауданынан Форт-Шевченко қаласы мен Қолмыш, Құлалы, Қызылөзен, Сығынды, Фетисов ауылдық кеңестері енді. 17 қазанда Маңғыстау ауданының орталығы Форт-Шевченкодан Куйбышев ауылына көшірілді.
1940 жылы 17 маусымда Маңғыстау ауданынан Долгий ауылдық кеңесі берілді.
1951 жылдың 1 қаңтарына қарай аудан құрамына Форт-Шевченко қаласы мен 7 ауылдық кеңес кірді: Долгий, Ералы, Қолмыш, Құлалы, Қызылөзен, Сығынды, Фетисов.
1954 жылы 23 шілдеде Ералы ауылдық кеңесі Сығынды ауылдық кеңесіне, Долгий ауылдық кеңесі Құлалы ауылдық кеңесіне, Фетисов ауылдық кеңесі Қызылөзен ауылдық кеңесіне қосылды. Қарақұм ауылдық кеңесі құрылды.
1959 жылдың 1 шілдесінде аудан құрамында Форт-Шевченко қаласы мен 3 ауылдық кеңес болды: Қолмыш, Құлалы, Қызылөзен.
1963 жылы қаңтарда Шевченко ауданы таратылып, Ералиев кенті мен Қолмыш, Құлалы, Қызылөзен ауылдық кеңестері Форт-Шевченко қалалық кеңесінің қарамағына берілді.
- Қазақстанның таратылған аудандары